18
January
2023
«Тату отбасы, бақытты балалар- мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы» –атты мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
Қаңтар айының 25- күні, мектебімізде айрықша маңызды іс-шара «Тату отбасы, бақытты балалар- мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы» –атты мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болды, жиналыс ашық алаң форматында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға, Коктал ауылдық округінің әкімі Б.Р.Қадырбаев, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері А.Н.Рахатова, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы О.А. Нүсіпов, мектепішілік қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары Ж.Н.Нұрғали ата-ана комитетінің төрайымы Ғ.Р.Зиятдинова, ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Т.Солтанкулов, ауылымыздың аналар кеңеснің төрайымы А.Р.Байымбетова, ауылымыздың имамы М.Т.Жақыпов қатысты. Бұл мектептің оқушылардың отасыларымен жұмысының инновациялық формасы.
Қазіргі қиын жағдайларда ата-аналар мектеп тарапынан білікті көмекке мұқтаж. Ата-ананың педагогикалық біліксіздігінің зардабы тым ауыр болуы мүмкін; өзіңнің ата-ана ретіндегі қателеріңді түзетіп баланы қайта тәрбиелеу, басынан бастап баланы теріс әрекеттер жасаMay, теріс сөздер айтпай дұрыс тәрбиелегеннен әлдеқайда қиын екенін бәріміз білеміз. Сондықтан да ата-ананың педагогикалық мәдениетін арттыру – әрбір жекелеген отбасының да, жалпы бүкіл қоғамның да міндеті.
Бұл ашық алаң ата-аналардың бала тәрбиесіндегі міндеттерін шыңдауға және мектеппен, педагогтармен, психологтармен, мектеп басшыларымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыруға көмектесті.Ата-аналар арасынан құрылған топтық жұмыста,қазіргі уақытта өзекті болып отырған мәселелер бойынша ой қозғап, пікір алмасты.