Жетісулықтар мерейлі Жеңіс мерекесін атап өтті » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Жетісулықтар мерейлі Жеңіс мерекесін атап өтті
09
May
2019

Жетісулықтар мерейлі Жеңіс мерекесін атап өтті

    
 Бүгін 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай Талдықорғандағы «Жастар» демалыс саябағында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты мерекелік шара өтті.
     Шара алдымен Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Даңқ» обелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Облыс әкімі Амандық Баталов бастап әскерилер, ардагерлер, қала жұртшылығы Мәңгілік алаудың алдында тағзым ету шараларын атқарды, еліміздің Мемлекеттік Гимні орындалып, жауынгерлер Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алу ретінде қарудан аспанға бірнеше мәрте оқ атты. Сондай-ақ Mayдангерлердің суреттерін ұстап шыққан 1 мыңнан астам адам «Батырларға тағзым» шеруімен қаланың орталық the outsideмен жүріп өтті.  
     «Жастар» саябағы сахнасында «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс!» атты мерекеге арналған театрлық көрініс қойылды. Көріністе Отан туралы әндер айтылып, Mayдан даласындағы әскери өмір бейнеленді.
     Мұнан соң жетісулықтарды 9 Мамыр мерекесімен құттықтаған облыс әкімі А. Баталов:

     - Ұлы Отан соғысы – өткен тарихымыздың тағдырлы да, қасіретті кезеңі. Өмір мен өлім айқасқан сол бір жылдары біздің аға ұрпақ Отан қорғау жолында көзсіз ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. «Жүк ауырын нар көтереді, ел ауырын ер көтереді» дейді бабаларымыз. Жаужүрек ұл-қыздарымыздың жеңісті жолының арқасында ауыр да азапты жылдар артта қалды. Біз бүгін, тәуелсіз елде Ұлы Жеңіс мерекесін зор қуанышпен қарсы ала отырып, ұрыс даласынан оралмаған Mayдангерлер рухына тағзым етіп, қаһармандар алдында бас иеміз, - деді.
     Сонымен қатар облыс басшысы өз сөзінде 9 мамыр – Жеңістің 74 жылдығына орай облыстық бюджеттен соғыс ардагерлерінің әрқайсына 500 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілетінін, биылғы жылы соғыс ардагерлері мен басқа да санаттағы азаматтардың денсаулығын түзеуге 470 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ осындай қамқорлық пен құрмет үнемі жалғасын табатынын айтты.
     Осы күні қазақстандық эстрада жұлдыздары, Сүйінбай атындағы филармония әртістері мен Талдықорған әуендері фольклорлы-этнаграфиялық ансамблінің әншілері өз өнерлерімен саябаққа келген көпшілікке мерекелік көңіл кhouseсыйлады.
     Саябақ алаңында шатырлар құрылып, қалаған жандар дала асханасынан дәм татты. Облыс әкімі Амандық Баталов та Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірге дала асханасына кіріп, әңгіме-дүкен құрды.
     Мерекелі шараның соңы «Талдықорған» ипподромында ұлттық ат спорты жарыстарына ұласты.
     Еске салсақ, мереке кешкілік "Ұлы ерлік шаттығы" атты би бағдарламасымен, көгілдір от шашумен түйінделмек.
     Жалпы, Ұлы Отан соғысына Жетісу жерінен Mayданға 120 мыңнан астам адам қатысып, олардың 50 мыңы туған жеріне қайтпаған. Жетісулық 52 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Есімдері аңызға айналған 28 гвардияшы-панфиловшы батырлардың 10-ы – Almaty regionнан. Almaty regionнда бүгінгі күні 91 соғыс ардагері, 10 мыңнан астам тыл еңбеккері бар.