«Тату отбасы, бақытты балалар- мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы» –атты мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тату отбасы, бақытты балалар- мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы» –атты мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
18
январь
2023

«Тату отбасы, бақытты балалар- мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы» –атты мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы

Қаңтар айының 25- күні,  мектебімізде  айрықша маңызды іс-шара «Тату отбасы, бақытты балалар- мемлекет гүлденуінің сенімді  іргетасы» –атты мектепішілік  жалпы ата-аналар жиналысы болды, жиналыс  ашық алаң форматында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға, Коктал ауылдық округінің  әкімі Б.Р.Қадырбаев, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері А.Н.Рахатова, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы  О.А. Нүсіпов,  мектепішілік қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары Ж.Н.Нұрғали ата-ана комитетінің төрайымы  Ғ.Р.Зиятдинова,  ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің  төрағасы С.Т.Солтанкулов, ауылымыздың аналар кеңеснің төрайымы А.Р.Байымбетова, ауылымыздың  имамы М.Т.Жақыпов қатысты.  Бұл мектептің оқушылардың отасыларымен жұмысының инновациялық формасы. 
Қазіргі қиын жағдайларда ата-аналар мектеп тарапынан білікті көмекке мұқтаж. Ата-ананың педагогикалық біліксіздігінің зардабы тым ауыр болуы мүмкін; өзіңнің ата-ана ретіндегі қателеріңді түзетіп баланы қайта тәрбиелеу, басынан бастап баланы теріс әрекеттер жасамай, теріс сөздер айтпай дұрыс тәрбиелегеннен әлдеқайда қиын екенін бәріміз білеміз. Сондықтан да ата-ананың педагогикалық мәдениетін арттыру – әрбір жекелеген отбасының да, жалпы бүкіл қоғамның да міндеті.
Бұл ашық алаң  ата-аналардың  бала тәрбиесіндегі міндеттерін шыңдауға және мектеппен, педагогтармен, психологтармен, мектеп басшыларымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыруға көмектесті.Ата-аналар арасынан құрылған топтық жұмыста,қазіргі уақытта өзекті болып отырған мәселелер бойынша ой қозғап, пікір алмасты.