"Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы"
12
декабрь
2022

"Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы"

Жетісу облысы Панфилов ауданы, Көктал ауылы "Абай атындағы орта мектеп" КММ-де  Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Темірбаев Қуаныш Нүсіпханұлының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес."Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" заңының негізінде оқушы жасөспірімдерге әскери оқу орындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында.
Мектебіміздің түлегі, Құрлық әскерлерінің әскери институтының 2019 жылғы түлегі аға лейтенант Ахметов Ахат Қанатбекұлымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Ахат Қанатбекұлы қазіргі уақытта 28738 ә/б батарея командирі болып қызмет атқарды. Ахат мырза, өз сөз кезегінде жасөспірімдерге әскери оқу орындарына түсу, елінің патриоты болу және білімін қарулы күштерге жұмсау жөнінде толық мағлұмат беріп өтті. Әскери өмірдің қыр-сырын жетік меңгеруге түсінік берді. Жасөспірім ұлдар ойларында жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты.
Қорытынды сөз кезегін басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кудербаев Марат Сағатжанұлы алып, мектебімізде өткен кездесудің жасөспірім ер балаларға берер тәрбиелік мәні зор екендігін айтты.