Басса Дарки «Эмоция тесті» » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Басса Дарки «Эмоция тесті»
10
октябрь
2022

Басса Дарки «Эмоция тесті»

«Абай атындағы орта мектеп» КММ

2022-2023 оқу жылы


Мерзімі: 10.10.2022ж

Сыныбы: 7 а

Сынып жетекшісі: Нұрмолда Д

Оқушы  саны: 21

Қатысқаны: 17

Жүргізілген   психологиялық  сабақтың  тақырыбы: 

Басса Дарки   «Эмоция тесті»

Мақсаты: оқушылардың бойындағы   аггрессияны  анықтау

Қатысушыларға ең басты аггрессияны анықтайтын  сұрақтары бар сауалнама беріледі. Сұрақты оқыңыз, сіздің бойыңызда сонда мінез-құлық бар сұрақ болса қасына «+», ал егер  болмаса «-»  белгісін қойыңыз


Анықтама

    7 «А» сынып   оқушыларына Басса Дарки  «Эмоция тесті»   жүргізілді. А.Басс және А.Дарки өздерінің сауалнамаларын құру барысында келесі реакция түрлерін көрсетіп кеткен:

1. Физикалық агрессия – басқа адамға бағытталған физикалық күш.

2. Жанама агрессия – басқа адамға тікелей бағытталмаған немесе ешкімге бағытталмаған күрт туған агрессия.

3. Тітіркенушілік – кішкентай тітікену өзінде кері сезімдерді көрсетуге даярлық (ашуланшақтық, дөрекілік);

4. Негативизм – мінез-құлықтағы оппозициялық күй пассивті қарсылықтан қалыптасқан заңдылықтар мен дәстүрлерге қарсы күреске дейін жеткізетін күй:

5. Өкпелеу – қоршаған адамдарға деген нақтылы және ойдан шығарылған іс-әрекеттерге қызғанушылық пен жеккөрушілік;

6. Күдіктенушілік – адамдарға қатысты сенбеушілік және сақтықтан басқа адамдар зиян келтіруде жоспарлайды дегенге сенушілік.

7. Вербальді агрессия – негативті сезімдірді форма (айқай) арқылы және сонымен бірге сөздік жауаптар мазмұны арқылы (қорғау) көрсету;

8. Кінәні сезіну – субьектінің өзінің жаман адам екендігіне сенімділігі сонымен бірге ар-ұятының жоқтығы сезіну;

Сауалнама қорытындысы бойынша:  Әбіләкім Айымда негативизм мен күдіктенушіліктің жоғары деңгейі анықталды.

Ұсыныс: Айымның әлеуметтенуін  зерделеу




Мектеп психологтары:     Ж.Маттанаева

                                                 М.Қожабергенова