Бала дамуы мен психикасына әсер ететін сайттарға мониторинг жүргізу. » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бала дамуы мен психикасына әсер ететін сайттарға мониторинг жүргізу.
15
ноябрь
2022

Бала дамуы мен психикасына әсер ететін сайттарға мониторинг жүргізу.

Мектеп: «Абай атындағы орта мектеп» КММ

Мерзімі: Қыркүйек

Жүргізілген жұмыстың атауы: Бала дамуы мен психикасына әсер ететін сайттарға мониторинг жүргізу.

Мақсаты:Тыйым салынатын интернет-ресурстардың және қауіпті ойындармен бала психикасына әсер ететін сайттардың алдын алу.



АНЫҚТАМА

Қазіргі таңда балалар көп уақытын интернетте өткізеді. Сондықтан балалардың ғаламтордағы қауіпсіздігін қорғау мақсатында директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, сынып жетекшілер бірлесе отырып ай сайын мониторинг жүргізіп отырады. Оқушыларға интернет қауіпсіздігі, әлеуметтік желілерден келетін қауіптен қалай сақтану керектігі туралы кеңестер беріліп отырылады. Оқушыларға қауіпсіз интернет жайлы түсінік бере отырып, интернеттің пайдалы және зиянды жақтары, әлеуметтік желілердің зиянды жақтары мен денсаулыққа, психикаға кері әсерлері жайлы жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге ата-аналар чаттарына ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары туралы, балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғау туралы кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды. Қауіпті ойындар, суицидтік мінез құлықты, теріс діни ағымдарды насихаттайтын түрлі сайттар мен әлеуметтік желідегі топтар туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар мен сынып жетекшілерге бала психикасына әсер ететін, түрлі деструктивтік идеологияны насихаттаушы топтардың тізімі беріліп, осы топтарға кірген балаларды анықтау мақсатында ай сайын балалардың әлеуметтік желідегі парақшалары қадағаланып отырылады.

2022 жылғы қыркүйек айындағы мониторингі

Аты - жөні

Оқу орны

Сыныбы

Тексерілген сайттар

Атқарылған шаралар

жоқ

жоқ

жоқ

+18 , Алиса+18,балалар парнографиясы


Алдын алу, ағарту жұмыстары жүргізілуде



Педагог-психологтар:       Маттанаева Ж.

Кожабергенова М.


 .