«Сіз қандай ата-анасыз?»
«Абай атындағы орта мектеп» КММ
2022-2023 оқу жылы
Мерзімі: 12.09.2022 ж
Сыныбы: 1а, 1б, 1в , 1г
Сынып жетекшілері: Сайлыбаева С, Амирханова А,
Адильшаева М, Атибаева М
Қатысқандар саны: 107 ата -ана
Жүргізілген психологиялық жұмыстың тақырыбы:
«Сіз қандай ата-анасыз?»
Мақсаты : Ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасын анықтау
Анықтама
12.09.2022 ж 1-сынып ата-аналарынан гугл диск форматты арқылы
«Сіз қандай ата-анасыз?» атты сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша:
1.Кез – келген жағдайда жұмысыныздың барлығын тастап, балаңызбен айналысасыз ба?
А) ия 90 % б) жоқ 10 % в) кейде
2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?
А) ия 77 % б) жоқ 8 % в) кейде 15%
3.Баланың алдында жасаған қателіктеріңізді мойындай аласыз ба?
А) ия 88% б) жоқ 1% в) кейде 11%
4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
А) ия 92 % б) жоқ 2 % в) кейде 6%
5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе, өзінізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
А) ия 71% б) жоқ 3% в) кейде 26%
6.Өзіңізді баланың орнына қоя аласыз ба?
А) ия 70 % б) жоқ 11 % в) кейде 19%
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
А) ия 96 % б) жоқ в) кейде 4%
8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдайды айтасыз ба?
А) ия 86% б) жоқ 6 % в) кейде 8%
9. Балаңыздың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
А) ия 95% б) жоқ 1% в) кейде 4%
10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманың орындап беру қолыңыздан келе ме?
А) ия 90% б) жоқ 0 в) кейде 10%
11.Не істеседе , өз білгенің жасауына балаға бір күн еркіндік бересіз бе?
А) ия 42 % б) жоқ 20 % в) кейде 38%
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе,көңіл аудармайсыз ба?
А) ия 18 % б) жоқ 63% в) кейде 19%
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
А) ия 83% б) жоқ 1 % в) кейде 16 %
Қорытынды: ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасы жақсы жеңгейде екендігі байқалды. Кез келген жағдайда бала тәрбиесіне уақыт табатын, бала алдында өз кемшіліктьерін мойындайтын мейімірімді ата-аналар жеткілікті екендігі аныөталды.
Ұсыныс: баламен жақсы қарым-қатынас орнату үшін, баланың қызығушылықтарына көбірек көңіл бөлсе.
Мектеп психологы: Ж.Маттанаева