Алматинская областьнда 14 мыңнан астам түлекке Соңғы қоңырау соғылды » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Алматинская областьнда 14 мыңнан астам түлекке Соңғы қоңырау соғылды
25
май
2019

Алматинская областьнда 14 мыңнан астам түлекке Соңғы қоңырау соғылды

    
Алматинская областьндағы 768 мектептің 14 мыңнан астам түлегі үшін бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Осы маңызды мерекемен оқушылар мен мектеп бітірушілерді құттықтау үшін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барды.
     Салтанатты жиында сөйлеген Амандық Баталов мемлекет қамқорлығының арқасында білім саласының дамып, өркен жайып келе жатқанына тоқталды, атап айтқанда жаңа, заманауи мектептер салынуда, білім нысандарының материалдық-техникалық базалары нығайтылуда, педагогикалық ұжымға тиісті қолдау шаралары көрсетіліп келеді. Облыс басшысы бұл ретте Назарбаев зияткерлік мектебінің үлесі зор екенін де тілге тиек етті. Өңір мұғалімдерінің жемісті еңбегін айта келе, А. Баталов облыс оқушыларының жетістіктерін атап өтті.
     - Құрметті жас түлектер, оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар! Мен бұл мектепке үнемі үлкен толқыныспен келемін, себебі Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі елімізде жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі. Осы мектепке Елбасының келгені, атқарылған жұмыстарға жақсы баға бергені есімде. Мұнда сендерге сапалы білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Талдықорған Назарбаев зияткерлік мектебінің 5 рет қатарынан үздік олимпиадалық мектеп атануы – сіздрдің және мектеп педагогтарының еңбегінің жемісі. Соңғы қоңырау - балалықпен қоштасу мен жаңа өмірге аяқ басудың белгісі. Әрқашан өздеріңе білім берген мектептеріңмен, өскен қалаларыңмен, бар күш-жігерін жұмсап сендерді оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңмен, сендерді аялап өсірген ата-аналарыңмен және әрбір адамның дамуына мүмкіндіктер жасап отырған тәуелсіз Қазақстанмен мақтана біліңдер. Еліміз Тұңғыш Президентіміз, Елбасының арқасында тұрақты дамып келеді. Армандарың айқын, талаптарың биік, жолдарың ашық, сапарларың сәтті болсын! – деген А. Баталов ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, тілегін білдірді.
     Мектеп директоры С. Умербекова да мектеп оқушыларына құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде бір оқушының өтініші бойынша облыс әкімдігі мектепке 3D-принтер сыйға тартқанын да атап өтті.
     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша озақ оқушылар марапатталды. Атап айтқанда, оқуда үздік, түрлі пән олимпиадаларында, ғылыми конкурстарда, мектептің қоғамдық өмірінде жетістіктері бар 8 оқушы «Жылдың үздік оқушысы» номинациясының жеңімпаздары атанды, Олардың арасында оқу жылы бойы «Уикипидия» онлайн-энциклопедиясының контентін толықтыруға үлес қосқан 11 «А» сынып оқушысы Алмас Нұрғалиев, 11 «Д» сыныбының оқушысы, жалпы білім беру пәндері бойынша математикадан республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері, Украинада математикадан өткен Еуропалық олимпиаданың қола жүлдегері Аружан Сабырбек, «12 С» сынып оқушысы, биология бойынша ғылыми жобалар республикалық конкурсының 1 орын иегері, жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалар конкурсының 1 орын иегері Оксана Дмитриенко және т.б. бар.
     Дәстүр бойынша «Жылдың үздік шаңырағы» топтық номинациясының жүлдегерлеріне кубок тапсырылды. Халықаралық аккредитация өткізу процесіне қосқан үлесі үшін мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арыстанбек Стыбаевқа алғыс хат берілді.
     Мұнан соң мектеп түлектерінің атынан сөз сөйлеген Даниэль Фисюков соңғы қоңырау мерекесімен үш тілде құттықтап, ұстаздарына, мектеп басшылығына алғыс айтты.
     Мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламалар қойылып, оқу жылының аяқталғанын айғақтайтын қоңыраудың соңғы сыңғыры қағылды. Концерт соңында оқушылар мектептің әнұраны «Елбасы мектебі» әнін орындады. Салтанат қонақтары мен мектеп ұжымы, оқушылар қызу қол соғып, түлектерді соңғы сабаққа шығарып салды.
     Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов басқа да қонақтармен бірге мектеп ішін аралап, оқушылармен, ата-аналармен әңгімелесті. Оқушылар робототехника, ауыл шаруашылығы, салаларындағы өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын, ғарышты игері және басқа да тақырыптағы зерттеулерімен таныстырды. Облыс әкімі мектеп бітірушілердің сынып сағатына қатысып, онда өзінің мектеп бітіргеннен кейінгі мамандық таңдауы туралы естеліктерімен бөлісті.
     Жалпы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде озық тәжірибелі 142 педагог пен 8 шет елдік білікті маман жемісті жұмыс істеуде. Мұнда биылғы оқу жылын 717 оқушы сәтті аяқтап, оның 90-ы халықаралық деңгейдегі Кембридж Емтихан Кеңесінің сынағынан сүрінбей өтті.
     9 жыл ішінде 79 түлек Назарбаев Университетіне, 74-і әлемдегі үздік оқу орындарының студенттері қатарына қосылып, 650-ден астам оқушы халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейдегі олимпиадалық жүлделермен Алматинская областьның абыройын көтерді.