"Ерте жүктіліктің алдын алу" » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Ерте жүктіліктің алдын алу"
10
январь
2024

"Ерте жүктіліктің алдын алу"

Хаттама №2



2023 – 2024 оқу жылының 10 Қаңтар  күні «Абай атындағы орта мектеп» КММ

7-11  сынып қыздарымен жалпы  жиналысы болып өтті.


Қатысқаны – 162

Қатыспағаны-13

Себепті -13

Күн тәртібінде:

  1. «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» 

                                     10 сынып оқушысы  Ниязбек Нәркес

2.«Қыздардың жеке бас гигиенасы» 

                                Олпыбаева Ж.З

  1. «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» 

                                Мектеп психологы  Ж.А.Маттанаева


  1. 7-11 сынып  қыздар секторларының есебі 
  2. Реттегі істер.

Тыңдалды:

     Жиналысқа   басшының   тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары  К.Қ.Омирбекова, мектеп медбикесі Ж.З.Олпыбаева, қыздар ұйымының жетекшілері   Валиева Л.М,  Айтмухан М.С, педагог-психолог  Ж.А. Маттанаева  және   сынып жетекшілер  қатысты.

Бірінші  мәселе бойынша  10 сынып оқушысы Ниязбек Нәркес  сөз алып,  «Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Оны мынадай мақалдар мен даналық сөздерден де байқауға болады."Қыз қылығымен тәтті","Қыздың жолы жіңішке"Әлбетте, ата-ана үшін ұл болса да, қыз болса да дүниеге әкелген баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өз қатарынан қалдырмай өсіріп  жеткізеді. Қыз балаға жүктелер міндет өте салмақты. Ол ертеңгі жар, өмірге ұрпақ әкелетін ана, бір отбасының арқа сүйер келіні.Жастайынан жақсы тәлім тәрбие алған,басқаларға үлгі-өнеге болатын қыз бала болашақта әдептілігінен, инабаттылығынан танбасы анық. Сырт көзге сүйсінетін, көркіне ақылы сай қыз тәрбиелеу, бұл ата-ананың үлкен,жауапты міндеттерінің бірі болып табылады."Қызға қырық үйден тыю"-деген сөздер күні-бүгінге дейін айтылып, мәнін жоғалтпауда. Осы сөздің өзі-ақ қыз бала тәрбиесінің жауапкершілігі зор екенін аңғартады.Қыз баланың сөзі,іс-қимылы әрдайым көптің назарында.Тәрбиенің көзі-әдеп сақтап, инабаттылық таныту."Қыз қылығымен көрікті"-деген аталы сөз бекер айтылмаса керек."Қызды тәрбиелегенің-бір ұрпақты тәрбиелегенің"-деген ата-бабамыз. Әубәкір сынды үлкен ақын "Қыз бала-үйдің бояуы"-деген екен.Сол кісінің айтқанындай қыз-әлемнің көркі.Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатынын сақтауы, келешек өмірге даярлығы т.б. әрқайсысы өз алдына дербес тақырып.  Халқымызда "Бір ұл тәрбиелесең-бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелесең-бір ұрпақты тәрбиелегенің"-деп бекерге айтпаған. Қорыта келе, қыз баланың тәрбиесін үлкен жауапкершілікке алуымыз керек. Демек,болашақ жас ұрпақты адамгершілікке мол,  иманды, инабатты, өнерлі  етіп тәрбиелеу- қазақ халқына үлкен де,жауапты міндет.Болашақ ұрпақтың рухани несібесі бүгінгі қыздарымыздың қолында.Сондықтан,қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған абзал. Сөйтіп, қыздарымыз-қылықты, ұлдарымыз-ұлықты болып өсе берсін, лайым деп сөзін аяқтады.

Екінші  мәселе бойынша мектеп медбикесі  Ж.З.Олпыбаева   сөз алып жеке бас тазалығы дегеніміз – денеге күтім жасап, оның тазалығын сақтау. Бұл үшін арнайы гигиеналық құралдар қолданылады (сабын, тіс пастасы, орамал және т.б.). Қол. Қолымызды жумай тамақ ішетін болсақ, микробтар ауыз арқылы ағзаға өтуі мүмкін. Сондықтан, дәретханадан,  жұмыстан немесе мектептен шыққан соң, міндетті түрде сабынбен қолдарыңызды жуыңыз. Тырнақтардың арасында кір жиналмас үшін, оларды аптасына 1 рет қиып отыру қажет. Теріні тазалықта ұстау өте маңызды, өйткені біздің денеміз – қорғаныс функциясын атқарады. Егер оған немқұрайлы қарайтын болсақ, қауіпті микробтардың көбеюіне жақсы жағдай жасаймыз. Тері арқылы шыққан майды кетіріп отыру үшін, денені жылы сумен күніне 1 рет жуыңыз, ал, аяқты керісінше суық сумен шайыңыз. Бет терісіне ерекше күтім керек. Оны жуу үшін арнайы заттарды қолданыңыз. Безеулерді сықпаңыз, өйткені бұл бактериялық инфекцияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Шаш. Шашыңыз ұзын болса да, қысқа болса да, оны аптасына 1-2 рет жуып отырған дұрыс. Осының арқасында, сіз бас терісіндегі май бездерінің қызметін қалыпқа келтіріп, қан айналымын жақсартасыз. Шашты тарау кезінде, біреудің тарақтарын ешқашан қолданбау керектіктері туралы  қыздарға өз кеңестерімен  бөлісті.

Үшінші   мәселе  бойынша  мектеп   педагог-психологы  Ж.А Маттанаева  сөз алып, «Ерте жүктіліктің  ертеңі қандай?» тақырыпта презентациямен таныстырып, жасөспірімдік шақта  пайда болатын өзгерістерді атап өтті.  Ағзада гормондар тасқыны  жасөспірімдердің мінез-құлқы  мен эмоциясына қатты әсер етеді. Осы жаста мінез-құлықты басқару өте қиын. Сонымен қатар ерте жүктілік қай жастан басталатынына, ерте жүктілікке көбінесе не себеп болатынына тоқталды.  - Ерте солған жас ұрпақтың тағдыры не болмақ? – деп қыздарды ашық сұқбатқа тартты. Қыздармен пікір алмаса отырып, қыздарға  ақыл-кеңестерімен бөлісті. 

    Әр сыныптың  қыздар секторлары өздерінің сыныптарындағы қыздар туралы мәлімет беріп есеп берді.


Сөйлеушілер:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Омирбекова: сөз алып  «қыз тәрбиесі  -ұлт тәрбиесі, бүгінгі қыз ертеңгі ұлтымызды тәрбиелейтін ана. Қыз бала сыртқы әлем үшін үнемі құпия болуы керек. Арзан күлкі, ашық бояу қызды табиғилықтан ажыратады» - деп сөзін аяқтады




11 сынып оқушысы  Сабит Айдана:  қыздарға өздерін  кез-келген ортада әдепті  ұстап, жеке бас гигиенасын сақтап, мектеп  формасын  сақтауларын жәнеде  ең бастысы   қыздарға  қазіргі таңда   білімге басты назар аудару керек деген  пікірін   айтты. 


Шешім:


  1. Мектеп медбикесі, педагог- психологтар,   сынып жетекшілердің біріккен жұмыстары   назарға алынсын
  2. Қыздар ұйымының жұмысы жандандырылсын



Хатшы          М.С.Айтмухан