Ата – аналар комитеттерінің жиналысы.
«Абай атындағы орта мектеп» КММ
Ата – аналар комитеттерінің жиналысы.
Хаттама № 1
28.09.2022 ж Көктал ауылы
Қатысқандар:
Мектеп әкімшілігі: 10
Ата – аналар комитеттері: 58
Күн тәртібінде:
1. Ата – аналармен бірлескен жұмыс.
(ашық есік күндерін ұйымдастыру)
2. Ата – аналармен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастыру.
3. «Отбасы – орта мектеп» жобасын туралы түсінік беру.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп басшысы У.Б.Джакубаева таныстырып өтті. Ата – аналар мектеппен тығыз байланыста болып, мектепте болып жатқан іс – шараларға балаларымен бірге қатысып отыру керектігін айтып. Ата – аналар күнделікті балаларының сабақтан себепсіз қалмауына, балаларының бос уақытын қалай өткізеді, қандай үйірмелерге қатысады,
Ашық есік күнін ұйымдастырып бір күн ата – аналар оқушылардың сабақтарына қатысып.
Екінші мәселе бойынша басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сабанбаев Даурен Тоқтасынұлы 9 – 11 сынып ата – аналарымен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастыру керектігін айтып, кешкі сағат 23.00 ден кейін ата-аналарынсыз көшеде жүруге болмайтыны туралы айтып, күнделікті рейд жұмыстары жүргізіліп отыратынын ескертті. Оқушылар арасында көлік, мопет жүргізуге тыйым салынатыны, егер көлік мопет тізгінінде ұсталған оқушылар болса, ата-аналарына айып пұл салынатынын ескертті. Оқушылар арасында белең алып жатқан үлкен мәселе әлімжеттік пен электронды темекі туралы ата-аналарға қатаң ескерту жасалынды.
Үшінші мәселе бойынша «Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында педагогтер мен ата – аналар үшін ұлттық құндылықтарды ескере отырып, жастарды тәрбиелеу әдістемелері қосымша әзірленуде. Сонымен қатар отбасылық және ұлттық тәрбиенің құндылықтары балалардың бос уақытын, мәдени – бұқаралық іс – шараларды, жарыстарды, сынып сағаттарын, ата – аналар жиналыстарын, үйірме жұмыстарын және тағы басқаларын ұйымдасыру аясында іске асырылады» деп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даурен Тоқтасынұлы түсінік беріп кетті.
Сөйлеушілер
4 «А» сынып ата – ана комитеті Молдағазиева Гульфия ашық есік күнін ұйымдасытрғандығын қолдаймыз, мектепке келіп балаларымыздың сабақтарына қатысып білім сапаларын, тәртіптерін қадағалап тұру біздің ата – ана ретіндегі міндетіміз.
9 «А» сынып ата – ана комитеті Алибекова Алия Нұрланқызы ата – аналармен бірлескен рейд шараларына бірге шығуға қолдау көрсетеміз, сыныптағы басқа да ата – аналарды ұйымдастырамыз. Әр ата - ана күнделікті өз баласын қадағалап, ұялы телефонын, кеш мезгілінде балаларын көшеге түрлі ойын – сауық орындарына жібермей, қадағалау жасаса дұрыс болар еді.
6 «Д» сынып ата – ана комитеті Айтбаева Гүлзира
Шешім:
- Ата – аналармен бірлескен жұмыс
- Ата – аналармен бірлескен рейдтік шараларды ұйымдастыру сынып жетекшілермен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даурен Тоқтасынұлына жүктелсін
- «Отбасы – орта мектеп» жоба жұмысы жандандырылсын.
Жиналыс төрағасы: У.Б.Джакубаева
Хатшы: Н.Б.Болекбаева