Мұғалімдер жетістіктері - Абай атындағы орта мектеп https://abai-panfilov.mektebi.kz/ ru Мұғалімдер жетістіктері - Абай атындағы орта мектеп DataLife Engine Жетісу облысы, Панфилов ауданы «Абай атындағы орта мектеп» https://abai-panfilov.mektebi.kz/main/580-zhetsu-oblysy-panfilov-audany-abaj-atynday-orta-mektep.html https://abai-panfilov.mektebi.kz/main/580-zhetsu-oblysy-panfilov-audany-abaj-atynday-orta-mektep.html Жетісу облысы, Панфилов  ауданы  «Абай атындағы орта мектеп»КММ-де  
«Зерттеу сабағын  жоспарлау жолдары және  зерттеу  сабақтарын  талқылауда  сапалы  деректер  алудың маңызы» аймақтық семинарында  «Ізденіс» шығармашылық тобынан  география  пәнінің  мұғалімі  Даутова Асем Акамгерейқызы  «Ауа райы және  метерологиялық элементтер» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Қалған топ мүшелері  АВС деңгейлі оқушыларды сабақ үдерісінде  бақылады. Сабақтың басында «Жаңбыр тамшылары» әдісі білім алушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттырды. Сабақтың ортасында оқушылар «Айтқанымды көрсете аламын, көрсеткенімді дәлелдей аламын» әдісі  арқылы оқушылар картамен жұмыс жүргізді. Топтық жұмыста «Ақпараттты зертте» әдісі арқылы өздеріне  берілген  ақпараттарды пайдалана отырып  жауын-шашын  мөлшерінің графигін сызып  көрсете алды.  Сабақтың соңында «Күншуақ » әдісімен күннің бетін бұлттардан тазалай отырып сұрақтарға жауап беріп сабақты бекітті.«Padlet» тақтасы арқылы кері байланыc алынды. Сабақтың құрылымы мен жүргізілуі топ мүшелеріне айқын болғандықтан бақылау парағы білім алушының болжамды жасаған жауаптарымен үйлесіп, кейде ойлағаннан да жақсы болып шықты.Тақырыптық тапсырмалар үш деңгейдегі АВС оқушыларға арнап жасалып, болжамды жауап парағы толтырылды. Қызығы мен қиындығы бар зерттеу сабақтары жалғаса берсін!




]]>
admin Wed, 22 Nov 2023 20:44:07 +0600