«Зерттеу сабағын жоспарлау жолдары және зерттеу сабақтарын талқылауда сапалы деректер алудың маңызы» » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Зерттеу сабағын жоспарлау жолдары және зерттеу сабақтарын талқылауда сапалы деректер алудың маңызы»
22
November
2023

«Зерттеу сабағын жоспарлау жолдары және зерттеу сабақтарын талқылауда сапалы деректер алудың маңызы»

Жетісу облысы,Панфилов ауданы «Абай атындағы орта мектеп» КММ- де «Зерттеу сабағын жоспарлау жолдары және зерттеу сабақтарын талқылауда сапалы деректер алудың маңызы» аймақтық семинарында «Парасат» зерттеу тобынан тарих пәнінің мұғалімі  Қапалова Бақыт Орманғалиқызы «Қазақстандағы ұлттық автономиялар» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Басқа  топ мүшелері  АВС деңгейлі оқушыларды сабақ үдерісінде бақылады. Ынтымақтастық атмосферасында «Батырлар ұраны» әні арқылы оқушылардың бойында рух пен патриоттық сезім қалыптастырып, белсенділігін арттырды.Сабақтың басында "УMayгра" платформасы бойынша алдыңғы білімді сұраққа жауап беру арқылы бекітті.Оқушылар "Жебе" əдісі арқылы үш  топқа бөлінді. Сабақтың ортасында  "Болжау"әдісі QR арқылы сабақтың жаңа тақырыбы мен мақсаты анықталды. "Аяқталмаған сөйлемдер" əдісі бойынша  оқушылар берілген сөйлемдерді толықтырып, аяқтады. Сабақ соңында"Дарабоз"əдісі арқылы оқушылар жеке жұмыс ретінде Ағартушылар куəлігіне жасырынған сұрақтарға жауап берді.  Оқушылар  "PadLet" платформасында кері байланыс берді.Сабақтың өн бойында"Қауырсын"əдісі бойынша бағалау жүргізіліп отырды. Топ мүшелері  АВС деңгейіндегі оқушыларды сабақ басынан зерттеп отырып,жауап парақтарын  толтырып сабақ соңында өз пікірлерін айтты. Келесі сабақты жоспарлау барысына, яғни оқушылардың белсенділігін арттыруда тиімді əдіс-тəсілдерді таңдауда өз ұсыныстарын айтты.