Тәрбие жұмысының жүргізілуі және Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру. » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Тәрбие жұмысының жүргізілуі және Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру.
06
September
2022

Тәрбие жұмысының жүргізілуі және Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру.

Тәрбие жұмысының жүргізілуі және Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру.


   1-қыркүйек білім күніне барлық сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық» тақырыпта тәрбие сағаттары өткізіліп, Facebook әлеуметтік желісіне жарияланды. Панфилов аудандық полиция бөлімінің атқарушы аға лейтенанты Шахар Әлішер қуанышұлы «Жалпы құқықтық білім беру» сабағын өтті. 5 қыркүйек тілдер мерекесіне «Тілі басқа – тілге бір, жүзі басқа жүрегі бір» тақырыында апталық өткізілді. «Қауіпсіз мектеп автобусы» он кндігі аясында мектеп инспекторы Еділ Құрамғалиұлымен бірлесіп қауіпсіздік шарасы өтікізілді. 10 қыркүйек оқу жылының басталуына байланысты жалпы ата – аналар жиналысы, күн тәртібінде: мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, мектепте ұялы телефон ұстамау туралы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары, құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты, 64 қаулымен таныстыру.

    Отбасы күніне, денсаулық фестиваліне іс-шара жоспары жасалынып 2 сыныптармен Ақшалов бақыт пен Самалхан Бақыт, 3 сыныптармен Оспабеков ержан мен Ильясов Ерлан отбасылық «Толағай» сайыстарын ұйымдастырды, қол добынан Қосшығұлов Ерлан мен Нартбаев Төлендінің ұйымдастыруымен өз мәнінде өткізілді. Мектеп бойынша ата – аналар комитеттерінің отырысы өткізіліп күн тәртібінде, ата – аналармен бірлескен жұмыс, рейдтік шаралар, «Отбасы – орта мектеп» жобасы мәселелері қаралды. Діни экстремизмнің алдын – алу мақсатында ата – аналар, оқушылармен түсінік жұмыстарын жүргізіп жиналыс өткізілді. АӘД пәнінің жетекшісі Темірбаев Қуаныш Нүсіпханұлы «Өрт қауіпсізідік» ережелері туралы, төтенше жағдайдың алдын – алу жолдары бойынша оқу жаттығуларын ұйымдастырып түсінік берді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұлдар – қыздар жиналысы өткізіліп, жетекшілер жоспар бойынша жұмыстар атқаруда. 1 қазан қарттар күніне «Қарттарым асыл қазынам», «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында іс-шара жоспары жасалынып, салтанатты жиын өткізілді. Әкелер мектебімен география пәнінің мұғалімі Бекболаева Гулмира – «Ұрпақтар сабақтастығы», биология пәнінің мұғалімі Валиева Лунара мейрамбекқызы Әжелер мектебімен «Мен өз ұрпағымды мақтан етемін» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Технология пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Балалық шақ – бал бұлағым», «Күз береке, күз мереке» тақырыптарында оқушылар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды. «Патриотизм дауысы» оқушыларға Мемлекеттік Гимн орындаттырылды. Әкелер мектебінің ұйымдастыруымен 11 сынып ұл балаларымен отырыс өткізіп, хаттамасы жазылды.