Жетісу облысы,Панфилов ауданы «Абай атындағы орта мектеп» » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Жетісу облысы,Панфилов ауданы «Абай атындағы орта мектеп»
22
November
2023

Жетісу облысы,Панфилов ауданы «Абай атындағы орта мектеп»

Жетісу облысы,Панфилов ауданы «Абай атындағы орта мектеп» КММ- де «Зерттеу сабағын жоспарлау жолдары және зерттеу сабақтарын талқылауда сапалы деректер алудың маңызы» аймақтық семинарында «Шабыт» зерттеу тобынан топ жетекшісі, физика пәні мұғалімі  Нурғалиева Замира Нурахынқызы «Ньютонның І,ІІ,ІІІ- заңдарына есеп шығарту» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Басқа  топ мүшелері  АВС деңгейлі оқушыларды сабақ үдерісінде бақылады. Ынтымақтастық атмосферасында «Стоп» әдісі арқылы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырды.Сабақтың басында "Додекаэдр" әдісі бойынша алдыңғы білімді теория жүзінде бекітті.Оқушылар "Flippity" платформасы арқылы үш  топқа бөлінді. Сабақтың ортасында  «Тәжірибе бекеті әдісі арқылы 3 топтың  алдарына құралдар берілді, сол құралдарды қолдану арқылы күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, Ньютон заңдарын дәлелдеді.Тәжірибе көрсетілген соң практика жүзінде Ньютонның І,ІІ,ІІІ заңдарының формулаларын қолдана отырып, есеп шығарды.Сабақ соңында оқушылардан жеке жұмыс  пайымдау тест алынды. Оқушылар  "PadLet" платформасында кері байланыс берді.Сабақ бойында бағалау жүргізіліп отырды. Топ мүшелері  АВС деңгейіндегі оқушыларды сабақ басынан зерттеп отырып,жауап парақтарын  толтырып сабақ соңында өз пікірлерін айтты. Келесі сабақты жоспарлау үшін қандай кедергілер кезікті, қалай жою керектігін талдады.