Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шаралардың анықтамасы » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шаралардың анықтамасы
09
December
2022

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шаралардың анықтамасы

«Абай атындағы  орта мектеп» Education Department of Kerbulak district 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген 

іс-шаралардың анықтамасы

2022-2023 оқу жылы


         09.12.2022ж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С. Кудербаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, бекітті. « Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпағына аманат» еске алу және танымдық-ағартушылық онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді, мектеп ғимаратын мерекелік безендіру шаралары ұйымдастырылды.   Онкүндік барысында   09.12-15.12 аралығында сынып сағаттары, ашық тәрбие сағаттары өтілді. « Менің Отаным Қазақстан!»  фото және бейнероликтер челленджіне «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері қатысып, бейнероликтер  әлеуметтік желіге жүктелді. 13.12.2022ж Тарих пәнінің мұғалімі Джексембиева Қ.С ұйымдастырылуымен «Әділетті Қазақстан- жаңа Қазақстан үндеуі» тақырыбында 8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.  13.12.2022 жылы 3 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Қалияс Ж. бастауымен « Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. 14.12.2022  7 сыныптар бірлесе отырып              « Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында тәрбие сағатын өтсе, 15.12.2022 жылы сынып жетекшісі Әділ Ә.М жетекшілігімен 5 «В» сынып оқушылары « Желтоқсан- тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Онкүндік аясында МАД «В»,  6 «В» және 5 «А»  сыныптары  бірыңғай «Тәуелсіздік- тұғырым!» атты сынып сағаттарын өтті.  15.12.2022 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан   жерлесіміз Ләззат Асанованы еске алу мақсатында мектеп атынан  ескерткішіне гүл шоғы қойылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында 1 және 5 сынып оқушыларын «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымдарының қатарына  салтанатты түрде қабылдау рәсімі өткізілді. «Абай атындағы орта мектеп» КММ кітапханасында « Егемендік елдігім- Тәуелсіздік теңдігім» атты Желтоқсан құрбандарына арналған көрме ұйымдастырылды.Тәуелсіздік күніне орай алғашқы әскери және технологиялық  дайындық пәнінің мұғалімі Темірбаев Қ.Н,  7 сынып оқушыларының құттықтау бейнероликтері әлеуметтік желіге жүктелді. Атқарылған іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттарының материалдары  әлеуметтік желіге жүктелді.  19.12.2022ж « Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпағына аманат» еске алу және танымдық-ағартушылық онкүндігі лездемеде қорытындыланды. 





Анықтама    жазған  директордың тәрбие ісі                               Ә.М. Әділ

жөніндегі  орынбасары