Педагог-психологтың атқарған жұмыстары бойынша SWOT талдауы » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Педагог-психологтың атқарған жұмыстары бойынша SWOT талдауы
20
October
2022

Педагог-психологтың атқарған жұмыстары бойынша SWOT талдауы

«Абай атындағы орта мектеп мектеп» КММ

2022-2023 оқу жылы

І жарты жылдықтағы  педагог-психологтың атқарған  жұмыстары бойынша                   SWOT талдауы

Психологиялық қызметтің мақсаты: 

  1. Оқушылардың  жас ерекшеліктеріне байланысты,  әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық,  және  кәсіби дамуын   қамтамасыз ету;
  2. Teachersдің және  оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау;
  3. Әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық  қатынастарды  өз бақылауында ұстау, қажетті кезде түзету;

Күтілетін нәтиже: Teachers, ата-аналар, оқушылар  қажетті   психологиялық  көмек алады, шығармашылық мүмкіндіктері  дамиды;

                          Психодиагностика


Күшті

      Мектепке даярлық топтарының      бейімделік деңгейін   тексеру мақсатында Банковтың  әңгімелесу  әдістемесі және «Үйшік», «Моншақ» әдістемелері, 1 сыныптардың  мектеп өміріне  бейімделуін  бақылау     мақсатында  «Керн Йерасек»  әдістемесі жүргізілді.  

  5 сыныптардың  орта буынға  бейімделуін,   қарым-қатынасын байқау    мақсатында  «Социометрия»  әдістемесі жүргізілді. Аталған  сыныптың     оқуға  деген  ынтасын бақылау  мақсатында Лусканованың  «Оқу     мотивациясы»  әдістемесін  жүргіздік. 

    9 - сынып     оқушыларына  Голомштоктың  «Қызығушылық картасы» тесті, Дж. Голландтың      «Тұлғалық типін анықтау» сауалнамалары  жүргізілді.    

        11  сыныптар арасында  Шимшектің «Акцентуациялық  мінез-құлық» сауалнамасы алынды. Оқушыларының  бойындағы     үрей  мен мазасыздықты  сейілту мақсатында  «UNT-ға сеніммен», «Сенім  менің серігім»  атты тренинг- жаттығулары  өткізілді. 

1- сынып  оқушыларының  ата-анал      1- сынып  оқушыларының  ата-аналарынан  «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында  сауалнама алынды.

      5 «А»сынып   оқушыларынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың анықтау мақсатында  жасырын сауалнама  алынды.

         Жас мамандардан   психологиялық  ахуалды  анықтауға              «экспресс- сауалнама»  алынды.

Өте  жақсы - 78% , жақсы - 22% ,     төмен- 0,

10 «А»,  10 «Б»  сыныптардан   «Суицидке бағыттылықты анықтау»  сауалнамасы     жүргізілді.

7-11 сынып  қыздарымен «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?»  тақырыбында  слайдпен     таныстырылып, жасырын сауалнама алынды.

      9 «А» сынып  оқушыларымен  «Мамандық     әлемінде»  тақырыбында  психологиялық  тренинг- жаттығу арқылы оқушыларға ой тасталды.

UNT-ға қатысушылардың сынақ алдындағы қобалжу, мазасыздану сезімінен арылуға көмек беру мақсатында  «Сенімділік бейнесі» тақырыбында тренинг-жаттығу жүргізілді.

       Бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңіндегі бейімделу деңгейін анықтау,  оқушы мен мұғалімдер арасындағы жақсы қарым-қатынасты қалыптыру     мақсатында  «Біздің 5-сынып!» тақырыбында  тренинг  жаттығу     өткізілді.

  1. сынып оқушыларының  көңіл-күйін     көтеру  мақсатында  «Көңілді     шеңбер»  ойын - жаттығулары  өтілді.

   МАД     тобы оқушыларымен  «Ойын  арқылы     баланың  сөйлеу тілін  дамыту»      тақырыбында     тренинг-жаттығу  өтті.

   5- 11 сынып  оқушыларымен  «Буллинг және кибербуллинг туралы не білеміз?»  тақырыбында  бейнероликтер жіберіліп, түсінік жұмыстары   жүргізілді.

 10, сыныбында «Токсикоманияның ағзаға әсері» тақырыбында     слайд көрсетіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.

    Білім алушылардың өмірге деген көзқарасын байқау және  қызығушылықтарын арттыру мақсатында   «Мен өмірді сүйемін» атты акция өткізілді. Акция  аясында  мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлерін аралап «Бақытты балалық шақ»     арттерапиясы  жүргізілді. 

Әлсіз



Оқушылар     сауалнамаларға   шынайы жауап бермейді.









Кәсіби бағыттарын анықтау кезіндегі  болашақ     мамандығы туралы  ақпараттың жеткіліксіздігі 


Қауіпті

Сауалнама нәтижесіндегі түсініспеушіліктің орын алуы

 Дамыту- түзету   











Күшті

Үйден оқитын оқушыларға  қол моторикасын дамыту сабағы жүргізілді.  1-4 сынып оқушылары  рөлдік ойындарға  белсене     араласты.  11  сыныптарға «Сенімділік бейнесі»,«Негативті ойды позитивті ойға айландыру» тренинг-жаттығулары,  10- 11 сыныптарға   «Өз –өзіңе мақтау сөз арна» жаттығулары жүргізілді.



Әлсіз


Жекелей жұмыс жүргізу кезіндегі  оқушылардың     уақытында   келмеуі

мүмкіншілігі

Ата-аналар барынша  қолдаса

Қауіпті

психологиялық білімнің жеткіліксіздігі

Ағарту және сақтандыру


Күшті

Ата-аналар мен оқушыларға жасөспірімдер арасындағы зорлық - зомбылық  және суицидтің алдын алу, «Буллинг және киббербуллинг», «Жастар нашақорлыққа қарсымыз», «ЖҚТБ туралы не білеміз?»     тақырыптары  бойынша слайдтар, видеоролик көрсетіліп, пікір алысу, әңгімелесу жүргізілді. «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?»  атты 5-11 сынып қыздарымен  ашық сұхбат өткізілді. 



Әлсіз


Сауалнамаларға шынайы әрі нақты жауап бермеуі

мүмкіншілігі

Әңгімелесу мен пікір таласуда ойларын ашық айтпайды 


Қауіпті

Ата-аналар осы тақырып бойынша ашық  әңгіме жүргізбейді

Психология-лық кеңес беру

Күшті

Parents  жадынамалар таратылып,  қажетті ақпараттармен таныстырылды


Әлсіз

Ата-аналардың толық қатыспауы

Мүмкіншілігі

Оқушылар мен ата-аналардың өз бетімен іздену мүмкіндігі

Қауіпті

Ата-аналар  толықтай түсінік жұмыстарын жүргізбейді



Әлеуметтік –диспетчерлік  қызмет


Күшті

Дамуында патологиялық ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандардың кеңесіне жіберу


Әлсіз

Ата-аналардың түсініспеушілік танытпауы


Мүмкіншілігі

Арнайы мамандардың жетіспеушілігі

Арнайы бағдарламалардың  қол жетімсіздігі


Қауіпті

. Екпе егу кезіндегі кездесетін қиындықтар


Мектеп  психологтары:           Қожабергенова  М.С

                                              Маттанаева Ж.А.