«Мектептегі мазасыздықты анықтау» З. Филлипс әдістемесі » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » «Мектептегі мазасыздықты анықтау» З. Филлипс әдістемесі
10
October
2022

«Мектептегі мазасыздықты анықтау» З. Филлипс әдістемесі


«Абай атындағы орта мектеп» КММ

2022-2023 оқу жылы



Мерзімі: 10.10.2022ж                                   Сыныбы: 7   «А»

Сынып жетекшілері:   Нурмолда Д

Қатысқандар: 17

Жүргізілетін психологиялық жұмыстың тақырыбы: 

 «Мектептегі мазасыздықты анықтау» З. Филлипс әдістемесі

Мақсаты:  орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу.

Нұсқау: «Балалар қазір сіздерге мектепте өздеріңді қалай сезінетіндеріңізді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Сұраққа дұрыс және шынайы жауап беруге тырысыңыз, бұл жерде дұрыс немесе бұрыс жақсы немесе жаман жауаптар жоқ. Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты-жөніңізді және класыңызды жазыңыз. Егер сұраққа келіссеңіз «ия», егер келіспесеңіз «жоқ» белгісін қойыңыз.

Анықтама 

     10.10.2022 жылы  7 «А»  сыныбында мектептегі мазасыздықты анықтау мақсатында   З. Филлипстің  әдістемесі жүргізілді.


Сауалнама

1.Класта сені әлде кімнің ұрып соққан кезі болды ма?

А) Ия                б) Жоқ

2. Тапсырманы орындауда немесе жауап беруде сен қатты толқисың ба?

А) Ия                б) Жоқ

3. Сабақ айтуға шақырғанда сенің тізең қалтырай ма?

А) Ия                б) Жоқ

4. Түрлі ойындар ойнаған кезде сені кластастарың жиі күлкі қылы ма?

А) Ия                б) Жоқ

5. Сен өз кластастарыңа ұнайсың ба?

А) Ия                б) Жоқ

6. Мектепте мұғалімнің сұрағына жауап бере алMay тұрғаның     түсіңе жиі ене ме?

А) Ия                б) Жоқ

7. Сенімен кластағы балалардың көпшілігі дос екені рас па?

А) Ия                б) Жоқ

8. Сыныптастарыммен   ерегесіп қаламын ба деп қорқатын кездерің болды ма?

А) Ия                б) Жоқ

9. Сенің көңіліне тиетіндей  сөз  айтатын кластастарың бар ма?

А) Ия                б) Жоқ

10. Саған деген мұғалімнің көзқарасына ризасың ба?

А) Ия                б) Жоқ

11. Сабаққа жауап беріп тұрғанда, басқалар мен туралы не ойлайды деп жиі ойланасың ба?

А) Ия                б) Жоқ

12. Кластастарыңның саған деген көзқарасына ризасың ба?

А) Ия                б) Жоқ

13. Мұғаліммен жеке қалғанда өзіңді жақсы сезінесің бе?

А) Ия                б) Жоқ

14. Сенің сыртқы тұлғаңа және жүріс-тұрысыңа байланысты   сыныпта   күлкі қылған кезі болды ма?

А) Ия                б) Жоқ

15. Тапсырманы орындауды бастар алдында қатты толқисың ба?

А) Ия                б) Жоқ

Қорытынды:

 7 «А»    жоғары -0, орташа-5, төмен- 12

Ұсыныс: әлеуметтік педагогқа    мазасыздық деңгейі орташа оқушылардың   әлеуметтенуі   зерделенсе  



                     Мектеп психологтары                Ж.А.Маттанаева, 

                                                                            М.С. Қожабергенова