Жалпы ата – аналар жиналысы. » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Жалпы ата – аналар жиналысы.
25
January
2023

Жалпы ата – аналар жиналысы.

«Абай атындағы орта мектеп» КММ

 Жалпы ата – аналар жиналысы. 

Хаттама № 2


25.01.2023 ж                                                                                  Көктал ауылы

Қатысқандар: 

Қамқоршылық   кеңес мүшелері: 5

Ата-аналар комитет мүшелері: 3

Мектеп әкімшілігі: 10

Ата – аналар: 233

Сынып жетекшілер: 41


Күн тәртібінде:


1.  І- жарты жылдық бойынша оқу-тәрбие ісінің қорытынды есебі.

                                                                    Мектеп директоры У.Б.Джакубаева.


 2.  «Тату отбасы,бақытты балалар- мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы»    

                                                                                                           Ашық   алаң

 3. Реттегі істер.        



Тыңдалды:


      Күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп басшысы У.Б.Джакубаева таныстырып өтті. Жалпы ата-аналар жиналысына Көктал ауылдық округінің әкімі 

 Қадырбаев Батырбек Рүстембайұлы, Көктал ауыл мешітінің имамы Жақып М.Т, қамқоршылық кеңес төрағасы Нусипов О.А пен қамқоршылық кеңесінің төраға орынбасары Нургали Ж.Н, мектепшілік ата-аналар комитетінің төрайымы Ғ.Р Зиятдинова, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Т. Солтақұлов, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы А.Р. Байымбетова, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Н. Рахатова келіп қатысты.  Мектеп басшысы ата – аналар мектеппен тығыз байланыста болып, мектепте болып жатқан іс – шараларға балаларымен бірге қатысып отыру керектігін айтып өтті. І жартыжылдық бойынша атқарылған іс-шаралармен, сыныптардың білім сапасымен таныстырып, сыныптар бойынша білім сапасының салыстырмалы мониторингісін презентация арқылы таныстырды. 

    Екінші мәселе бойынша мектеп басшысы У.Б. Джакубаева   әр  сыныптан  екі   ата-анадан қамтып, топтарға бөліп, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің шешімін табу жолында ашық алаң өткізілді. Ата-аналар өздеріне берілген  тапсырмаларға постер, кластер, сурет салу арқылы өз  ойларын еркін жеткізе білді. Мектеп әкімшілі тарапынан әр топқа   бағыт-бағдар беріп, өз үлестерін қосты. Атап айтсақ сегізінші топ мүшелері қазіргі таңда маңызды болып табылатын   « Суицидтің алдын алу жолдары»   тақырыбында ата-аналарға жақсы мағлұмат бере білді.  

       Үшінші мәселе бойынша  мектеп басшысы У.Б. Джакубаева оқушылардың сабақтан қалу рейтінгісімен таныстырып, сыныптар бойынша сабақтан себепсіз, ауырған, себепті қалған оқушылардың салыстырмалы мониторингісімен таныстырып, ата-аналарға балаларының сабақтан себепсіз қалдырмауын айтып, ескерту жасады. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептегі шахмат, шашки, домбыра, хор, оркестр, спорт үйірмелеріне балаларының қатысуын қадағалауын сынып жетекшілер мен ата-аналарға жүктеді. 

Сөйлеушілер

        Көктал ауылдық округінің әкімі Қадырбаев Батырбек Рүстембайұлы 

Жаңа форматтағы өткізіліп жатқан ата-аналар жиналысына оң бағасын беріп, ата-аналар әрдайым   мектеппен тығыз байланыста болып, жаңа форматтағы жиналыстар жалғасын табуына ұсыныс білдіріп, мектеп басшысына ризашылығын айтып, мектеп ұжымына сәттілік тіледі. 

 Board of Trustees төрағасы Нусипов Оразақын Айтмолдаұлы   ата-аналар тар апынан мектеп ұжымына қолдау көрсетіп, мектеп өмірімен тығыз байланыста болайық деп ұсыныс жасады, жиналыстың маңыздылығы мен құндылығын атап өтті.

      Мектепшілік  ата – ана комитеті Галия Рашатқызы жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын ұйымдастырған мектеп басшысына алғысын білдіріп, ата – аналармен бірлескен рейд шараларына бірге шығуға қолдау көрсетеміз, сыныптағы басқа да ата – аналарды ұйымдастыруға. Әр ата - ана күнделікті өз баласын қадағалап, ұялы телефонын, кеш мезгілінде балаларын көшеге түрлі ойын – сауық орындарына жібермей, қадағалау жасауға шақырды.


Шешім:


  1. І жартыжылдықтың есебі назарға алынсын.  
  2.  Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын, ашық алаңдар ұйымдастыру тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына жүктелсін.



Жиналыс төрағасы:                У.Б.Джакубаева

                    Хатшы:                 Н.Б.Болекбаева