«Елге еткен еңбек еленер» » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Елге еткен еңбек еленер»
16
февраль
2023

«Елге еткен еңбек еленер»

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Коктал ауылы «Абай атындағы орта мектеп»КММ
16.02.2023жылы «Технология және өнер» бірлестігінің ұйымдастыруымен  еңбегін ел бағалаған, еңбектің дәмін татқан,  кәсібін нәсіп еткен, еңбек адамдарының өскелең ұрпаққа берер үлгісін көрсету мақсатында «Елге еткен еңбек еленер» тақырыбында кездесу ұйымдастырлды. Кездесуде Үшарал ауылының тұрғыны, ауданның құрметті азаматы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрмет орденінің иегері Күлғайша Бердіғұлова, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, ұлағатты ұстаз, шебер Айтбүбі Рахымқызы, ауылдың ақсақалы, тері өңдеп, ер-тұрман дайындап, жас ұрпаққа өнерімен танылып жүрген Оразақын Айтмолдаұлы, көненің көзі, алтынның сынығы, он саусағынан өнер тамған Күмісхан апа, ағаштан түйін түйген, күмбірлеген домбыра жасап,  кәсібін дөңгелетіп отырған Омар Жұмабайұлы қатысып,  оқушыларға  
ұлттық тәрбиені насихаттап, өнерді кәсібімен ұштастыра, жасалу жолын да көрсетіп үлгі өнеге болды.