5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі консилуим отырысы » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі консилуим отырысы
21
декабрь
2022

5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі консилуим отырысы

«Абай атындағы орта мектеп» КММ

2022-2023 оқу жылы

5 сынып оқушыларының  орта буынға бейімделуі консилуим  отырысы


Хаттама 2

Өткізілген күні: 21.12. 2022 ж

Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі

                        Сынып жетекшілері

                        Пән мұғалімдері

Өту орны:       Мәжіліс  залы

                                                            Күн тәртібінде:

1.  «5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі туралы

                      педагог-психолог   Ж.А.Маттанаева

 Тыңдалды:

Педагог-психолог Ж.Маттанаева 5 сыныптардың орта буынға бейімделуін бақылау мақсатында төмендегі жұмыстардың жүргізілгендігіне тоқталып өтті.Орта буынға бейімделуінде   дезадаптация деңгейін, тұлғааралық қарым-қатынасын  бақылау мақсатында  «Социометрия» жүргізілді

        5 «А» сыныбы бойынша     Социометрияға     қатысқандар саны: 28

1. Лидер оқушы: 1: М. Аяулым

2.Орташа таңдалғандар: 20 оқушы

3. Елеусіздер: 5: Қ. Айкөз, Қ. Абай, О. Гүлсезім, П. Азамат. Т. Аяулым.

4. Оқшау қалғандар: 2: Ж. Медет, Б. Нұрмәди.

«Б» сыныбы бойынша      Социометрияға     қатысқандар саны: 26

1. Лидер оқушы: 1: Е. Зере

2.Орташа таңдалғандар: 18 оқушы

3. Елеусіздер: 5: Мейіржан, Бекжан, Мағжан, Айназ, Жазира.

4. Оқшау қалғандар: 2: Темірлан, Аслан.

        5 «В» сыныбы бойынша     Социометрияға     қатысқандар саны: 24

1. Лидер оқушы: 1: Ә. Амина

2.Орташа таңдалғандар: 16 оқушы

3. Елеусіздер: 6: Нұртілек, Жанель, Оразәлі; Елжас, Айзат, Інжу.

4. Оқшау қалғандар: 1: Ж. Абай.

Мектепке деген көзқарасын, оқу мотивациясы деңгейін бағалау үшін Н. Г. Лусканованың  арнайы сауалнамасы ұсынылды. Алынған сауалнаманың қорытындысы бойынша:

            5 «А» сыныбы бойынша     Оқу мотивациясы

Жоғары дәреже: 17           Орташа: 11               Төмен: 0   

            5 «Б» сыныбы бойынша      Оқу мотивациясы

Жоғары дәреже: 15           Орташа: 11               Төмен: 0

           5 «В» сыныбы бойынша      Оқу мотивациясы

Жоғары дәреже: 16           Орташа: 7               Төмен: 1   Амангелді Құрбан

     Өзін –өзі бағалауын анықтау мақсатында «Баспалдақ» әдістемесі жүргізілді

            5 «А» сыныбы бойынша     «Өзін – өзі бағалауы»

Жоғары дәреже: 15            Орташа: 13               Төмен: 0   

            5 «Б» сыныбы бойынша      Оқу мотивациясы

Жоғары дәреже: 13           Орташа: 10               Төмен: 1

           5 «В» сыныбы бойынша      Оқу мотивациясы

Жоғары дәреже: 13           Орташа: 8               Төмен: 1   


Сөйлеушілер:

  1. Жаратылыстану пәнінің мұғалімі  Бекболаева Гулмира: сыныптардың орта буынға қалыптасуы жаман емес. Дегенмен кейбір оқушылардың сабаққа келгенде мектеп құралдарын тастап кетеді. Қоңыраудан кешігіп келеді. 
  2. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Белесбаева Күлсін: өзім  5 а сыныбына сынып жетекшімін, сыныбым жақсы. Мінезі жағынан баяу Жұмабай Медет бар, бірақ ол кубик құрастыру жағынан алдына жан салмайды. Сабаққа  қызығушылығы төмендеу Бағдаулет Нұрмади.
  3. Цифрлық сауаттылық пәнінің мұғалімі Қайрбекова Райгул Үркімбайқызы: мен сыныптың жартысына сабақ беремін. Тобымда өте нашар Аманғали Құрбан, Дәулетхан Нұрбол. Қабылдауы, жазуы өте нашар. Бастауышты оқыған оқушыға ұқсамайды.
  4. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:  Абиева  Айгул Жұмаханқызы  5  «А» сыныбының бастауышта  62 % , І тоқсандағы 64%  сапа 2 пайызға артқан.

5  «Б» сыныбы бастауышта   65 % , І тоқсанда  62 % керісінше  3 пайызға төмендеген.  5 «В» сыныбы бастауышта 54%  І тоқсанда 54% өзгеріс жоқ. 

  1.  5 «В» сынып жетекшісі  Әділ Асия: сыныбымда өте баяу оқушылар: Шакен Мұхамет, Амангелді Құрбан, Дәулетхан Нұрбол, Метербай Айзат, Серікқызы Інжу. Бұл аталған оқушылар сабақтан себепсіз қалмайды. Бірақ қабылдаулары  төмен, енді ортаға қосылып келеді. 
  2. 5 «Б» сынып жетекшісі: Жабықбай Үміт: сыныбымда сабақты көп қалдыратын, ортаға бейімделе алмаған  оқушы жоқ. Тек Батырғали Темірлан әріптерді таниды,  бірақ қосып оқи алмайды. Жазуы өте нашар.
  3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күдербаев Марат: 5 - сыныптар арасында мектеп ішілік есепте тұрған оқушы жоқ. Ұсақ-түйек түсініспеушіліктер кездесіп жатса, сынып жетекші арқылы ата-аналары шақырылып уақытында өз шешімін тауып отырады.
  4. Мектеп директоры Улмекен Базарханқызы: орта буынға бейімделу кезінде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Әр түрлі пән мұғалімдері, сабақ беру әдістері де түрліше. Оқушы бойында психологиялық  дағдарыс көрініс береді. Осы уақытта барлығымыз жұмылып уақытында  әрбір оқушыны қолдап отырсақ дезадаптация деген болмайды. Ата-аналарды кезектестіріп сабаққа қатыстыру қажет. Мектеп өмірінің тыныс тіршілігімен  етене араласуы керек. Қабілетті балалар осы жаста байқалады. 

Қаулы етті:

  1. Белсенді әдіс –тәсілдерді қолдану, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінен сұралсын
  2. Орта буынға бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау, оқушыларды   жеке бақылау педагог- психологтарға жүктелсін



Педагог – психолог                     Ж.Маттанаева

                                                   Хатшы                                     Н. Бөлекбаева