Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер
06
March
2023

Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер

                                   «Абай атындағы орта мектеп» КММ 

2022-2023 оқу жылы

 Анықтама

  «Абай атындағы орта  мектеп»  коммуналдық   мемлекеттік мекемесінде        

      06.03.2023 ж  «Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты аудандық семинар өткізілді. Семинарда мектеп  психологтары, логопед, дефектолог, ассистент  мамандардың бірлескен жұмыстарынан  іс-тәжірибелер  көрсетілді. Семинарға  аудандық   білім бөлімінің әдіскері Роза Тохтамбердиевна, мектеп инспекторы Қозыбеков Еділ Мырзағалиұлы,

 аудан бойынша 38 мектептің  маман иелері қатысты. 

       Семинардың бірінші бөлімінде логопед маман Қ.Акимбетова «Р» дыбысын сөйлемде машықтандыру», дефектолог  Мусапирова А. «Дидактикалық ойындар»   атты  жеке оқушыға сабақ өткізді.


   Мектеп психологтары  Ж.Маттанаева, М.Қожабергенова ата-аналарға «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы» тренинг – жаттығу жүргізілді.  

Ата - аналармен   өткізілген   тренинг-жаттығу       «Ойлан, тап»,  «Сәлем сөздің анасы», «Ойлан, жұптас, бөліс»,  «Балаңызды қаншалықты танисыз?», «Ашулы шарлар», «Ой толғау»   бөлімдерінен тұрды.  Қатысушы топтар бірін-бірі бағалап «Тілек шамы» арқылы тренингтің  мағыналы, мәнді өткені туралы ой бөлісті. 

   Бастауыш сынып мұғалімдері Есімкулова Г,  Баекеева Б  ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жүргізілген жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

     Ассистент мамандары Ж.Насыр «Бәріне бірдей мүмкіндік», Э.Қазыбекова «Бала көңілдің гүлі-көздің нұры» өз жұмыстарын  презентация түрінде көрсетті.

     Әлеуметтік педагог Н.Бөлекбаева «Әлеуметтенген бала- қоғам байлығы» тақырыбында келген ұстаздармен коучинг жүргізді.

  Аудандық  білім   бөлімінінің  әдіскері  Роза Тохтамбердіқызы  өзінің қорытынды сөзінде  семинардың өте жоғары деңгейде  өткізілгені   жайлы айтып өтті. Арнайы мамандардың    бірлескен жұмысы  қазіргі  кездегі заманның  талабы.  «Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты   тақырып  жан-жақты  ашылды. Әр баланың жарқырауына мүмкіндігі бар, арнайы мамандар сол баланың  тұлға болып қалыптасуына жәрдем етейік»   деп  сөзін  аяқтады. 

Ұсыныс: алдағы  уақытта  осындай   мамандардың бірлескен жұмыстары барлық мектептерде  көрсетілсе


Мектеп  психологтары:    Ж.А. Маттанаева,     М.С. Қожабергенова