Оқушылардың оқуға дайындық деңгейін анықтау. Керн-Йерасек тесті.
«Абай атындағы орта мектеп» КММ
Мерзімі: 10.10.2022ж Сыныбы: 1 «А», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г».
Сынып жетекшілері: Сайлыбаева С, Амирханова А,
Адилшаев М, Атибаева М.
Қатысқаны: 89 Қатыспағаны: 8
Жүргізілетін психологиялық жұмыстың тақырыбы:
Оқушылардың оқуға дайындық деңгейін анықтау. Керн-Йерасек тесті.
Мақсаты: Мектептегі оқуға дайындық деңгейін анықтау.
Нұсқаулықтар: Қағаз, түрлі-түсті қарындаш, фламастер.
Анықтама
10.10.2022 ж. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейі тексерілді. 1- сыныптарда жалпы 97 оқушы бар . Оқушылардың мектептегі оқуға дайындық деңгейін бақылау үшін «Керн-Йерасек» тесті алынды.
«Керн-Йерасек» тесті 3 тапсырмадан тұрады:
1. Есте сақтау қабылетін тексеру үшін ер адамның тұлғасын салу;
2. Жазба әріптерін көшіру үшін;
3. Нүктелер тобын салу;
1 «А» сыныбында тестке 23 оқушы қатысты. Қатыспағандар саны: 2.
Жоғары - 16 оқушы, орташа - 6. Олар: Нұрайлым , Дарын Е, Әмір Б, Айсұлтан А, Әнуар, Қарақат. Төмен – 1. Мектепке дайындық деңгейі өте төмен Нұрай С. Партаға отыруға мүлдем бейімделмеген, қағаз, қаламдары жоқ. Жазба әріптерін, нүктелерді мүлдем көшіріп жаза алмаған. Тек сызықтардан басқа ештеңе жаза алмады.
1 «Б» сыныбында тестке 22 оқушы қатысты. Қатыспағандар саны: 2.
Жоғары – 15 оқушы, орташа – 6 оқушы. Олар: Амина, Айым, Айкөркем, Әлім, Еркеназ, Ерасыл. Төмен - 1. Алихан Д. Адам бейнесіндегі көбелектің суретін түсірген, жазба әріптерін, нүктелерді мүлдем көшіріп жаза алмаған.
1 «В» сыныбында 23 оқушы қатысты. Қатыспағаны – 1.
Жоғары – 11 оқушы, орташа – 12. Олар: Дарын, Айзере, Ақнұр, Інжу, Іңкәр, Дамир, Төре, Гүлім, Мағжан, Қайсар, Талшын, Ерасыл. Төмен деңгей көрсеткендер: 0.
1 «Г» сыныбында 21 оқушы қатысты. Қатыспаған оқушы болмады.
Жоғары – 15 оқушы, орташа – 5. Олар: Балым, Нұрай, Алихан, Кәусар, Бегзат, Арлан. Төмен деңгей көрсеткен оқушы саны – 1. Ясмина Б. жазба әріптерін, нүктелерді мүлдем көшіріп жаза алмаған.
Ұсыныс: сынып жетекшілері мектепке бейімделу деңгейі төмен оқушыларды психологиялық жағынан қолдап отырса.
Мектеп психологтары: Маттанаева Ж.
Кожабергенова М. С.