Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарының І - жарты жылдық есебі » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарының І - жарты жылдық есебі
09
январь
2023

Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарының І - жарты жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарының І - жарты жылдық есебі


«Абай атындағы орта мектеп» отдела образования Кербулакского района


   2022-2023 оқу жылында  әдістемелік   нұсқау хатын басшылыққа  ала отырып әлеуметтік педагогтың   жылдық жоспары  № 472 бұйрықты басшылыққа ала отырып 6 бағыт бойынша жасалынып бекітілді.   

Мақсатыәлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау, ата-аналармен жүргізілген психологиялық - педагогикалық жұмыстың қорытындысын шығару, салыстырмалы көрсеткішін анықтау және жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау. 

Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары. 

Оқу жылының басында барлық сыныптардың сынып жетекшілерімен бірлесе отырып сыныптардың әлеуметтік паспорты жасалынды .  

І-жарты жылдық бойынша

1-11 сынып оқушылары - 993                                                                                                                         Көп балалы отбасы балаларының саны - 199 оқушы/87 отбасы                                                               Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы оқушылар саны  - 146 оқушы/56 отбасы                                                                                                                                                                       Аз қамтылған, жағдайы төмен отбасы балалары -  17 отбасы/43 отбасы                                                             Толық емес отбасынан шыққан  балалар саны - 48 оқушы/ 49 отбасы                                                        1. Ата-анасының біреуі қайтыс болған – 21 оқушы/28 отбасы                                                                        2. Жалғыз басты ата-ана –1 оқушы /1 отбасы

3.Ажырасқан отбасы балалар саны - 26 оқушы /20 отбасы                                                                                                                                                                                                                      Өгей әке өгей шеше қамқорлығындағы  балалар саны – 4 оқушы / 3 отбасы                                               

1.Өгей анасымен тұрып жатқан оқушылар саны - 1                                                              2.Өгей әкесімен тұрып жатқан оқушылар саны - 3                                                      Тұлдыр жетім оқушы - 0   Ата-анасының қамқорлығынсыз калған оқушылар саны - 0                                                                                                                Үйден  оқитын балалар саны - 8                                                                       

 Қандас оқушы саны- 0                                                                                   Мектепішілік бақылауда тұратын оқушылар саны - жоқ  

Оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу бойынша тұрғын дом–тұрмыс жағдайын тексеру актілері жасалынды.  

  «Абай атындағы орта мектеп» отдела образования Кербулакского районанде орта білім беру  ұйымдарының білім алушыларына тамақтандыруды ұйымдастыру және мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз ету шаралары қолға алынып отыр. Бұл мәселе №1 педагогикалық кеңесте және қамқоршылық кеңес отырыстарында қаралып, сынып жетекшілер мен мектеп дәрігерімен бірлесе отырып шешілді. 2022-2023 оқу  жылында  Жалпыға  бірдей білім беру қорынан материалдық көмек   берудің ережесі ҚР  Ғылым  және Білім министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі  №158 «Жалпы білім  беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің  жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген  тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен жалпы ережелері, сонымен қатар  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 25 қаңтардағы  № 64 қаулысы негізінде: 

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
 3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға;
 4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына;- қаулы бойынша осы санаттағы оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

    Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінетін ыстық тамаққа 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айынан бастап 74 оқушы, 37 оқушы - І ауысымда, 37 оқушы- ІІ ауысымда тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Ыстық тамақтың бағасы 11-14 жас аралығындағы оқушыларға 450 тг, 7-10 жас аралығындағы оқушыларға- 370 тг. Анықталған 74 оқушылардың тізімі жасалып, құжаттары жинақталған. Мектеп асханасына тамақ ішуге кесте жасалынып, кезекшілік кестесі бойынша  қадағаланып отырады. Тамақтың сапасы мен ас мәзірінің орындалуын мектеп медбикесі – Олпыбаева Жанат Секетайқызы, ал оқушылардың уақытында кіріп тамақтануын әлеуметтік педагог – Н.Б.Болекбаева  қадағалап отырады.

«Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында   “Мектепке жол” акциясы  жүргізілді. Мектепке жол акциясының комиссия құрамы бекітіліп, бұйрығы жасалып, жоспары бекітілді "Мектепке жол" акциясының басталғаны туралы  әлеуметтік желіге хабарландыру жарияланды. Хабарландыру берудегі мақсат: Әлеуметтік қорғалмаған балаларды қорғау мақсатында "Мектепке жол" акциясына ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерді тарту. 

Мақсаты: Әлеуметтік қорғалмаған, көп балалы, аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес отбасы балаларының мектепке келмей қалуының алдын алу. Жоспар бойынша акцияға қатысу туралы   кәсіпкерлерді , ауыл азаматтарын ұстаздарді демеушілікке шақырып, өтініштер жолданды. Жоспар бойынша акцияға қатысу туралы кәсіпкерлерді, ауыл азаматтарын, ұстаздарды демеушілікке шақырып, мектептің Facebook желісіне жариялап, өтініштер жолданды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Асылтасова Роза толық емес отбасынан шыққан 4 «В» сынып оқушысы Султанбекова Амира мен аз қамтылған отбасынан шыққан 7 «В» сынып оқушысы Турдиева Нурайға спорттық киіммен көмек көрсетті (20 мың теңге), мектеп әкімшілік мүшелері 5 оқушыға оқу құралдарын (25 мың теңге), 4 оқушыға мектеп формасымен көмек көрсетті. Мектеп формасының бағасы -  15000тг.

1. Сағымбай Алихан – оқу құралдары.

2. Абдуали Ералы – оқу құралдары.

3. Ахметсадық Фатима – оқу құралдары.

4. Сағатбек Маржан – оқу құралдары.

5. Серікбай Қазыбек – оқу құралдары.

6. Чакен Мухаммед – мектеп формасы.

7. Райбек Дәулет – мектеп формасы.

8. Бейсенбек Жанатбек – мектеп формасы.

9. Ахметқали Мейіржан – мектеп формасы.

«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» қайырымдылық акциясы аясында Көктал ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қадырбаев Батырбек Рустембайұлының ұйымдастыруымен 2 оқушыға 5 «В» сынып оқушысы Айдар Жанель, 3 «В» сынып оқушысы Садықбек Гүларуға оқу – құралдарымен көмек көрсетілді.  

     29 қыркүйек «Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Абай атындағы орта мектеп» отдела образования Кербулакского районанде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді, мерекелік іс-шараға ауылымыздың ақ жаулықты апалары мен ақылы теңіз ақсақалдарын, сонымен қатар, «Мектепке жол» Республикалық акция аясында белсенділік танытқан азаматтарымыз шақырылды«Мектепке жол» акциясының қорытындысы бойынша әлеуметтік статусы бойынша 36 оқушыға – 267 800тг көлемінде көмектер көрсетілді. Алдағы уақыттарда әлеуметтік статустағы оқушылардың барлығын дерлік қамту үшін, әлі де қызу жұмыстар жүргізіп, демеушілерді тартып, көмектер көрсете беретін боламыз. Қазан айында: педагог-психолог Ж.АМаттанаева мен әлеуметтік педагогтың біріккен жоспары негізінде үйден оқитын, аз қамтылған және толық емес отбасындағы оқушылардың үй-тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, акт түзілді. Күзгі демалыс кезінде «Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында балалардың өмір қауіпсіздігі туралы оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан 20 оқушы мектеп формасы және аяқ киіммен қамтамасыз етілді. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған 34 отбасы - 93 оқушыға қаржылай көмек көсетілді

   Қараша айынының 28-і аудан прокуратурасының прокуроры Ахметбаев Айбол Болатұлының кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық – бұзушылықтың алдын – алу жұмыстарына байланысты әлеуметтік педагог, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, мектеп психологтарымен әңгіме жүргізіп, құжаттарымен танысты. 2022 – 2023 оқу жылындағы мектептің әлеуметтік паспортын тексеріп, мектеп психологтарының оқушылармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстармен танысты. Сәтсіз отбасы ретінде аудандық есепте тұрған әкесі – Аюпов Тайыржан Пархатович, анасы – Каипова Гулбану Саутовна. 

Балалары 8 «А» сынып оқушысы Каипова Наргиза Тайыржанқызы, 10 «Б» сынып оқушысы  Каипов Расул Тайыржанұлы. Балаларының оқу үлгерімі жақсы, сабақтан себепсіз қалмайды. Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, Айбол Болатұлымен бірлесіп отбасының тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында үйіне бардық. Тексеру нәтижесінде анықталғандай: үйлері жылы, тазалық жоқ, оқушылардың жеке сабақ орны жоқ, жалдамалы пәтерде тұрады, үйінің жағдайы санитарлық – гигиеналық талаптарға сай келмейді.  Көктал ауылы, Ыбраймолдаева улица № 36 үйде тұрғыны Баекеев Қуаныштың отбасы жағдайымен танысты. Балалары: Сатыбалды Аллаберген 4 «В» сынып оқушысы, Сатыбалды Жан 3 «В» сынып оқушысы, Сатыбалды Жулдыз 2 «Б» сынып оқушысы. Тексеру нәтижесінде балаларының жағдайы жақсы, сабақтан себепсіз қалмайды, үйі жылы, таза, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай.

Өгей ата-ана тәрбиесіндегі оқушыларды мектеп инспекторымен сынып жетекшілерімен бірлесе отырып домтұрмыс жағдайын акт жасалынып зерделеу жұмыстары жүргізілді

Желтоқсан айында: жаңа жылдық мерекеге балалардың көңілдерін көтеру мақсатында мектеп ұстаздары 8 үйден оқитын   оқушымыз бен мүмкіндігі шектеулі оқушыларымызға демеушілік жасап, өз үлесін қосып  тәтті сыйлықтарын үлестірді. Аталған сыйлықтарды мектеп әкімшілігі: ДТІЖО – М.С.Кудербаев, әлеуметтік педагог – Н.Б.Болекбаева, педагог – психолог – Ж.А.Маттанаева  жаңа жылдық әр түрлі персонаж костюмдер киіп, балаларымызды арнайы құттықтадық.

27.12.2021 ж  " Жаңа жыл -2022"   аудан әкімінің шыршасына мектебіміздің толық емес отбасынан шыққан 5 «б» сынып оқушысы Тоқтасын Еңлік, толық емес отбасынан шыққан 4 «а» сынып оқушысы Ербол Мирас, аз қамтылған отбасынан шыққан 2 «б» сынып оқушысы Сатыбалды Жұлдыз ұсынылып, аудан әкімі М.Сағымбековтың ұйымдастыруымен өткізілген Жаңа жылдық шыршаға барып қайтты. Сонымен қатар аудан әкімі тарапынан оқушыларға арнайы ұйымдастырылған сыйлықтарын да алып қайтты.

Әлеуметтік педагог: Болекбаева Назира Бердіқазықызы