«МИФ – ғажайып әлем» атты онкүндігі » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «МИФ – ғажайып әлем» атты онкүндігі
26
октябрь
2022

«МИФ – ғажайып әлем» атты онкүндігі

«Абай  атындағы   орта  мектеп» КММ

2022-2023 оқу  жылы

Қазан   айының   10 - 21  аралығында   математика,   информатика,  физика  пәндер   бірлестігінің «МИФ – ғажайып әлем»   атты  онкүндігінің  өткізілуі   туралы

Анықтама

2022-2023 оқу  жылы   10-21 ші қазан  аралығында  Абай   атындағы  орта  мектепте   математика,  информатика, физика  пәндері  бойынша   онкүндік  өткізілді.  Онкүндіктің өткізілетін  іс-шаралар     жоспары  жасалынып,  мектеп   директорының  бұйрығымен  бекітілді.   Бірлестік  жетекшісі  Джамалова А:А   онкүндіктің   ашылу  салтанатында  онкүндікте   өтілетін  іс-шаралармен  және   олардың  мақсат-міндеттерімен  таныстырып   өтті.

Пән  мұғалімдері   жоспарға  сай  бірнеше   ашық сабақтар  мен  сыныптан   тыс  жұмыстар  өткізіп   өзара  іс-тәжірибелерімен  алмасты.   Барлық  мектеп  ұжымына,   оқушылар   мен  мұғалімдер   назарына  апталыққа  байланысты   «МИФ – ғажайып әлем»  атты  бұрыш   жасалды.  Бұл  бұрышта   математика, информатика, физика   пәндеріне  байланысты   «Математиканың  даму   тарихы»,  «Сандар  сыры»,   «Үш желі»,  «Ғалымдар  өмірі   жайлы», «Ғарыш  әлемі»  атты   газеттер  мен  стенділер   және  әртүрлі  сөзжұмбақтар,   ребустар, қызықты логикалық  есептер  мен   викториналық   сұрақтар   ілінді. Әр пән мұғалімінің өткізілетін ашық сабақ тақырыптары көрсетіліп тұрды. Үзіліс  кездерінде  оқушылар     түрлі  викториналық  сұрақтар   мен  қызықты  жұмбақтар   шешті  және  «Кім   көп  біледі?»,  «Кім   тапқыр»  ойындарын  ойнады.   

Онкүндік   барысында   мына  төмендегі   сыныптармен  ашық  сабақтар   мен  сыныптан  тыс   жұмыстар  ұйымдастырылды. 

1.Математика пәнінің мұғалімі Ә.А Жамалова  5 «б» сыныбымен «Жай бөлшектің негізгі қасиеті» тақырыбында сабақ өтті.Сабақта оқушыларды топқа  бөле отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындата алды. 

2. Математика  пәнінінің  мұғалімі   Г.Н. Жұматаева  7 «б»   сыныбында   «Көпмүшелерді қосу және азайту» тақырыбында  математика   пәнінен   топтық  жұмыс   бойынша  оқытудағы  жаңа   әдіс-тәсілдерді     қолдана  отырып, оқушылардың  шығармашылық   қабілетін  дамытуға  байланысты   тапсырмалар  беру  барысында    оқушылардың  сабаққа   белсенді   араласуына  жағдай  туғызды.   Нәтижесінде  оқушылардың  топта   жұмыс  істей  алу   дағдылары  қалыптасқандығын  көрсете   білді.

 3.Математика   пәнінің  мұғалімі  Н.Т Салимбаева  .  8 «а»   сыныбымен   алгебра  пәнінен  «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбында  Кембридж   бағдарламасы  бойынша  ашық   сабақ  өткізді.  Сабақта   оқушылар  өздерінің  бағдарлама   бойынша  жұмыс  жасауға   үйренгендерін     көрсетіп,  сабақ   өз   деңгейінде   өтілді.

4.Математика  пәнінінің   мұғалімі  М.С Қабижанова   6 «б»    сыныбында  «Рационал сандарды салыстыру» тақырыбында   математика  пәнінен сабақ өтті. Сабақта   топтық  жұмыс   бойынша  оқытудағы  жаңа   әдіс-тәсілдерді пайдалана білді.

5.Физика  пәнінінің   мұғалімі  Б.Қ Садвакасова.  физика   пәнінен  9 «а»   сыныбында  «Аспан сферасы. Аспан координаталарының жүйесі» тақырыбында  жаңа   әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып ашық   сабақ  өткізді.

6. Физика  пәнінің  мұғалімі З.Н.   Нұрғалиева 7 «б»  сыныбында   «Қайнау. Меншікті булану жылуы»   тақырыбында  сабақ  өткізді.   Сабақта  мұғалім  интербелсенді   тақтаны  пайдалана  отырып,   оқушылардың  өз  бетімен   жұмыс  істеуіне  байланысты,   әртүрлі  деңгейлік  тапсырмалар   беру  арқылы оқушылардың  шығармашылық   қабілетін  дамыта білді.  

8. Информатика  пәнінің  мұғалімі   Р.Ү. Қайырбекова  8 «б»  сыныбымен   «Компьютерді  пайдаланудың кері аспектілері»   тақырыбында жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолдана   отырып,  оқушылардың  шығармашылық   қабілетін  дамыту  мақсатында   ашық  сабақ    өтті. Оқушылардың  пәнге   деген  қызығушылықтарын арттыра  білді. 

2. Информатика а  пәнінің  мұғалімі   М.Е Есельбаева  9 «а»   сыныбымен информатика  пәнінен  «Компьютердің конфигурациясы»  тақырыбында   топтық  жұмыс  негізінде  ашық   сабақ  өтті.  Сабақта   оқушыларға  топпен  бірлесіп,   әртүрлі  деңгейлік, тестік тапсырмаларды  орындату  арқылы   олардың  алған  білімдерін   пысықтай  білді.

9. Информатика  пәнінің  мұғалімі   М.А Келемсейітова   5 «а» сыныбында  «Графикалық ақпаратты екілік кодтау»   тақырыбында  топтық  жұмыс   негізінде ашық сабақ  өткізді.

10. Информатика  пәнінің  мұғалімі   Ш.Қ Әділбаев  3 «б»  сыныбымен   «Желіде тілдесу»  тақырыбында Кембридж  бағдарламасы бойынша ашық  сабақ   өткізді. 


Математика –информатика – физика пәндері бірлестігінің онкүндігі «МИФ мейрамханасы»   атты қорытынды кешпен аяқталды. Қорытынды кеште пәндер жайында әртүрлі формулалар қосылған тағамдар, дәмді теңдеулер,  ғалымдар үлес қосқан тағамдар, ғажайып дисерттерден тұратын қызықты, тамаша бөлімдер болды.  Осы онкүндікте өткізілген әрбір іс - шаралармен ашық сабақтар қазіргі заман талабына сай , жаңа оқыту технологияларын қолдана отырып өткізілді. Онкүндікте белсене қатысқан оқушылармен сыныптар қорытынды кеште марапатталды.  

  Қорытынды:

«МИФ – ғажайып әлем» онкүндігін өткізуде барлық жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өз мәнінде өткізілді. 


Бірлестік жетекшісі                            А.А Джамалова