« Жарқын болашақ иесі - жас маман » атты жас мамандар онкүндігі » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » « Жарқын болашақ иесі - жас маман » атты жас мамандар онкүндігі
16
январь
2023

« Жарқын болашақ иесі - жас маман » атты жас мамандар онкүндігі

«Абай атындағы орта мектеп »КММ

« Жарқын болашақ иесі - жас маман » атты жас мамандар онкүндігіне

АНЫҚТАМА


Жас мамандардың біліктілігін, жан-жақты өсу деңгейін байқау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға , олардың кәсіби тұлғалық дамуына , жинақтаған тәжірибесін байқау мақсатында 2022-2023 оқу жылының 16 - 25 қаңтар аралығында   

« Жарқын болашақ иесі - жас маман » атты жас мамандар онкүндігі өтті. Апталықтың жоспар құрылып, сол жоспарға сәйкес ашық сабақтар өтілді.

          16.01.2023 ж күні жас мамандар апталығының ашылуы болды, ол жерде ұжымға ашық хаттар ұсынылып, лездемеде оқушыларға әр пәннен тапсырмалар беріліп орындаған оқушылар марапатталды.

17.01.2023 күні 8 «Г» сыныбымен «My favorite book and author» тақырыбында жас маман Медетбекова Г.К. ашық сабақ өтті. Ашық сабағында оқушыларды  топтастырып, «Joyteka»  платформасы арқылы домтапсырмасы сұралды,  видео көрсетіледі, жұптық жұмыстар болды. Өтірік , жалған тапсырмасы орындалды. Мәтінмен жұмыс жасалынды. Мадақтау ретінде әр топты сертификатпен марапаттады.

Ұсыныстар: оқушыларға берілген тапсырманың жауаптарын өзі тексеру, ағылышн тілінде көбірек сөйлеу, нақты бағалаудың болмағандығы, оқушылармен кері байланыстың болмағандығы айтылды.

17.01.2023 күні 4 «А» сыныбымен «Weather forecast» тақырыбында Сағатбек Фариза ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты балалардың ауа-райы тақырыбындағы сөздерді есте сақтау, мұғалімнің көмегімен ауа-райы түрлерін қолдана білу, ауа-райы туралы мәлімет оқып, жаза білу. Сабағын сұрақ-жауап әдісімен бастады, психологиялық ахуал жүргізді.Үй тапсырмасын «Learning App » қосымшасымен тексерді. Сабақ тақырыбын және мақсатын балалар тауып, жаңа тақырыпты түсіндірді. Аудио-визуал әдісі бойынша білім алушыларға видео көрсетілді, сол бойынша топтық тапсырмалар берілді. Сабаққа айтылған ұсыныстар: Бағалау кезіндегі кеткен кемшіліктерді жөндеу. Яғни балалар өзін- өзі бағалаудан қиналды. 

18- інші қаңтар  4 «А» сныбымен «Загадки весны» тақырыбында Жомартова  Гульмира   Назаровна орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: тыңдалған мәтіннің мазмұнын   дұрыс жеткізе білу, оқу және тыңдалым деңгейін арттыру. Психиологиялық ахуал:  «Здравствуй, солнце золотое!...» әдісін қолданды. Оқушыларды топтастырып, «Снегопад» тақырыбына сурет салып, сөйлем құратты. Видео жұмбақ көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашты.  Суретті мәтін оқытып,  «wordwall.net»платформасында тапсырмалар , кластер құруды болды.  Сабақтың соңында кері байланыс алу үшін «Дерево успеха» әдісін қолданды. Ұсыныстар: әр тапсырмаға кері байланыс беру, уақытты тиімді пайдалану.



  1. інші қаңтар күні 8 Б сыныбымен «Summarising the chosen books» тақырыбында Нұрғожа Медина ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: оқу және тыңдалым деңгейін арттыру және өз ойын дұрыс жеткізе білуді үйрену. Психологиялық ахуалға «I wish you …» әдісін қолданды. Үй жұмысына кітапханадан 1 кітап алып, оқып мазмұндап келу болатын. Барлық оқушы жауап берді. Интерактивті тақтаны қолдана отырып видео көрсету арқылы жаңа тақырыпты түсіндірді. Оқушылар жауап беріп, сабақтың мақсатын атады. Түрлі-түсті қағаздардың біреуін таңдай отырып, оқушылар 3 топқа бөлінді. 1-тапсырма Тақырыпқа сай диалог құру.   Сол тақырыпта «Plot Diagram» сызбасын жасау және соны қорғау.  «Quizzez» платформасында онлайн тапсырмаларды орындау.  Обратная связьқа оқушылар мұғалімге хат жазып оны телефон әдісі арқылы салды. Сабақта оқушылар «Каспий банк» әдісі арқылы өзін-өзі бағалады. Ұсыныстар: оқушыларға қолдау көрсету, нақты бағалау.

          18.01.2023 ж күні Салимахун Гүлдана 4 В сыныбында  «Weather 2/Weather in my village» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жас маман сабағында «Umbrella» әдісі, «PICK ANSWER WRITE» әдісі, «Wordwall» платформасында тапсырмалар болды.«Mnemonika» әдістері болды.

Ұсыныстары:бағалауды дұрыс түсіндіру, топпен жұмыста балалардың топпен жумыс істеуін бақылау, дауыс тембрін сәл байяулату, әр баланың жұмысын бақылап отыру, уақытты бақылап отыру, балаларды көп ағылшын тілінде сөйлетіп үйрету.

          18.01.2023 ж күні «Бала қиялы » тақырыбында 5 В сыныбында Мейрманова Алтын ашық сабақ өтті. Жас маман өз сабағында гүлмен тілек әдісі арқылы психологиялық ахуал орнатып, видео ролик көрсету арқылы тақырыбын ашты. Сабағында номиналды әдіс, көршіңді тексер, кинометафора, қораптағы сұрақтар , суреттер сөйлейді, күн мен жаңбыр әдістері арқылы тапсырмалар орнатып, аудио мәтінмен жұмыс жасатты. Ұсыныстар: оқушылардың бәрімен жұмыс жасау, өзіне сенімді болу сынды ұсыныстар айтылды. 

          19.01.2023 ж күні «Заттардың 5 және одан артық ұзындығын биіктігін ,ені мен жуандығын анықтай білу » тақырыбында  МАД -0 В сыныбында Баекеева Бакытгуль ашық сабақ өтті. Көңілді ым - ишара мен көңілді кдоморнатты, 1,2,3,4 сандарымен топтастыру. Ойлан, жұптас, бөліс  ойыны арқылы топтық жұмыстар жасатты. «Қызыл гүлім - ай » әніне билетті. Сәйкесін тап әдісі , құрылысшы болайық ойыны арқылы тапсырмалар орындатты. Бағдаршам әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Оқушыларды әр тапсырмадан кейін мадақтап отырды. Ұсыныстар: белсенділікті арттыру, уақытпен жұмыс жасау, әр оқушыға көңіл бөліп бәрін бірдей жұмыс жасату.

        19.01.2023 жылы  жас маман Сатыбалдиева Айгерім Оразқызы «Musical instruments” тақырыбында 3 «А» сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты practice topic-related vocabulary with visual support – тақырыпқа байланысты сөздерге қолдау арқылы қайталау жасау;

use most of the active vocabulary in the speech – сөздейлегенде активті вокабулярдың мұмкіндігінше көбін қолдану;

use can/can’t to talk about ability – істей аламын немесе істеу алмаймын дегенді can/can’t қолдану арқылы айту.

Сабақ барысында жекеше жұмыс, жұптық жұмыс және топтық жұмыс арқылы оқушылар жұмыс жасады. Ұйымдастыру сәті үшін оқушылар ән айтса, домтапсырмасын тексергенде өткен сабақтағы жаттаған сөздерді қайталады. Тыңдалым тапсырмасында оқушылар сәйкестендіру әдісімен жұмыс жасаса, тыңдалымнан кейінгі тапсырмада оқушылар аспаптарды категорияларға бөлді. «Сиқырлы жәшік» әдісімен оқушылар қойылған сұраққа жауап беріп, бекіту тапсырмасы ретінде кроссворд шешті. Оқушыларды бағалау мұғалім тарапынан жүргізілді. Сабақта кері баланыс алдынды.

Сабақты бақылаған БОІЖО Айгүл Жұмаханқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Дана Нұрмолдақызы, Үміт Ғисақызы, Медина Қанатқызы, география пәні мұғалімі Әсем Акамгереевна, бастауыш мұғалімі Әсел Қайратқызы және тәлімгерім Бақыт Урмангалиқызы қатысып, өз ұсыныстарын айтты. Ұсыныс ретінде ағылшын тілі сабағында грамматиканы көбірек қолдану, айтылым дағдыларына көп көңіл бөлу, жұптық жұмысты көбейту айтылды.

          19.01.2023ж  география пәнінің  мұғалімі –Даутова А.А 6 «Б» сыныбымен, «Жаратылыстану» пәні, «Тірі организмдердің қоректену типтері" тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ жүйелі түрде өз ретімен өткізілді. Сабақ өту барысында көрнекіліктерді талапқа сай қолданды. Сабақ өту барысында түрлі әдіс-тәсілдер, «Word wall» платформасы қолдана отырып, оқушыларды қызықтыра білді. Оқушылар картамен жұмыс істей алды. Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысты, өз ойыларын жеткізе білуге қалыптасқан. Тақырып бойынша қалыптастырушы  бағалау жұмыстарын жүргізіп , тиімді кері байланыс беріп, сабақ соңында 10 балдық бағалау бойынша оқушылар бағаланды.

      Сабақ барысында мектеп басшысы У.БДжакубаева, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ә.Н Жаңбырбаева, А.Ж. Абиева, «физика» пәнінінің мұғалімі Б. Қабиқызы, « ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі А.О Сатыбалдиева, «география» пәнінің мұғалімі Г.Н. Бекболаева қатысты.

Ұсыныстар: оқушылардың бәрімен жұмыс жасау, уақытты тиімді пайдалану.

           20.01.2023ж қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Әбішова Нурила Болатқызы  10.35-11.20 аралығында 7 «Д» сыныбымен, «Қазақ тілі» пәнінен «Әлеуметтік желіні пайдаланмын» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.  Сабақ өту барысында түрлі әдіс-тәсілдер, «Classroom managment» платформасы қолдана отырып, оқушыларды қызықтыра білді. Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысты, өз ойыларын жеткізе білуге қалыптасқан. Тақырып бойынша қалыптастырушы  бағалау жұмыстарын жүргізіп , тиімді кері байланыс беріп, сабақ соңында 10 балдық бағалау бойынша оқушылар бағаланды.

      Сабақ барысында мектеп басшысы У.БДжакубаева, «тарих» пәнінінің мұғалімі Б. Қапалова, «қазақ тілі» пәнінің мұғалімі Г.Тулпайсова, А.Кожалимова   «орыс тілі» пәнінің мұғалімі   А. Рахимбекова қатысты.

Ұсыныстар: уақытты тиімді пайдалану, грамматиканы сабақ басында түсіндіріп ,одан әрі мәтінмен жұмыс жасату тиімді болатындығы.

          23-ші қаңтар күні тарих пәнінің мұғалімі Туралбаева Маржан 6 «А» сыныбымен «Қазақстан аумағындағы ұлыстардың құрылуы» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты: Картаны пайдалана отырып оқушыларды картадағы ұлыстардың аумағын көрсету, оқу және тыңдалым деңгейлерін, өз ойларын жеткізе білуге үйрену.Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуалға әр топ бір –бірлеріне өздерінің жылы лебіздерін, ыстық тілектерін білдірді. Мақсаты: Жақсы көңіл кдоматмосферасын қалыптастыру. «SPINNER Wheel»әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасау. «Суреттер сөйлейді» әдісі  жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу. «Кинолента» әдісі бойынша топтық жұмыс болады.  Жеке    жұмыс «Ақиқат жалған  » әдісі арқылы болады. Жұптық Жұмыс Картаны қолдану арқылы XIII - XVғасырлардағы  Қазақстандағы ұлыстарды көрсету.Сабақты  бір сөйлем әдісі арқылы қорытындылап, «Білім қоржыны» арқылы кері байланыс алынды.Ұсыныстар: оқушылардың бәрімен жұмыс жасау, уақытты тиімді пайдалану. 

24-інші қаңтар күні Ахмет Ақжол Ахметұлы математика пәні мұғалімі.   9 В сыныбымен геометрия пәнінен «Үшбұрыштарды шешу» тақырыпта ашық сабак өттім . Сабақтың мақсаты: синустар теоремасын білу және қолдану. Ең бірінші, оқушылармен сәлемдесу. «Ақ тілек»әдісі арқылы  психологиялық жағымды ахуал орнатты. Көрщіңді тексер әдісі арқылы домтапсырмасын тексертті. «Диалог және қолдау көрсету» әдісін қолданып сабақ мақсатын құрдық. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұптық жұмыс орындады. «Бірге ойланайық » әдісі арқылы оқушының қажеттілігіне қарай деңгейлік тапсырмалар берілді. Бағалау әр тапсырмаға дискриптор құрып өзін-өзі бағалады. Жеке жұмысты «Жинақтау» әдісі арқылы сабақты қорытындылады. Обратная связьқа «сыйқырлы қоржын» әдісін қолданды.

        Сабаққа Асемхан Нұржауқызы мен Назира Тұрағалдықызы қатысты.Сабақты талдау барысында «әдіс тәсілдерді» жақсы қолданғанын, мақсатына жеткенін және бағалау дұрыс жүзеге асқанын айтты.Бірақ сабағына аз тапсырма дайындағанын, сол себепті уақытынан бес минут ерте біткенін айтты.

          25.01.2023 жылы жоспарланған апталықтың жабылуы мектептің іс - шараларына байланысты 26.01.2023 ж күні өткізілді. « Жарқын болашақ иесі - жас маман » атты онкүндіктің жабылуы  АКТ залында болады. Ол іс - шарада жас мамандар өлеңдер оқып, ән айтып , скетч қойып   өз өнерлерін көрсетіп , келеген қонақтармен ойындар ойнатылды.

Апталықтың жабылу іс - шарасын мектеп басшысы У.Б.Джакубаева мен Әсемхан Нұржауқызының жастарға айтылған тілегімен   қорытындылады. 

          




Жас маман жетекшісі                 Д.Н.Сатыгулова