2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың ІІ тоқсан қорытындысы. » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » 2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың ІІ тоқсан қорытындысы.
27
декабрь
2022

2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың ІІ тоқсан қорытындысы.


2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың  ІІ тоқсан қорытындысы.

Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді  ұрпақ ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. І- жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша.

Педагог мамандармен   жұмыс- Жалпы мұғалім саны -103

р/с

жалпы мұғалім саны

жоғ білімді

арнаулы орта

педагог

шебер


жоғары санат

педагог

зерттеуші

бірінші

санат

педагог

сарапшы

екінші

санат

педагог

модератор

жалпы санат

1

 102

98

4

1

1

11

2

19

4

32

32


















Нәтижесінде:

жоғары  санатты   1 мұғалім;    педагог шебер 1

бірінші  санатта   2 мұғалім ; педагог -сарапшы  19

педагог –зерттеуші 11 мұғалім

екінші  санатта     4  мұғалім,   педагог- модератор 32

жалпы санатта     32   мұғалім жұмыс істеді.


Әдістемелік кеңес отырыстары   бойынша - «Мектепалдыдаярлықтобында  жаңаша  әдіс – тәсілдерді ойын арқылы тиімді пайдалану   жолдары» тақырыбында мектепалды даярлық тобының жетекшісі  Аубакирова Сандуғаш Хариоллақызы , « Қалыптастырушы бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?»( 10 балдық бағалау жүйесін қолдану) коучинг бастауыш сынып мұғалімі Сайлыбаева Самал Мұхаметжанқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   Умирбекова Баян Тұрсынбайқызы  «Тілдік дағдыларды дамытудағы әдістер» тақырыбында мұғалімдермен ой бөлісті. 

Әдістемелік семинар- Орыс тілі мен әдебиет пәнінінен аудандық семинар өткізілді. Қараша   айының  16 күні     орыс тілі мен әдебиеті пәні   бірлестігінің   «Русский язык шаг за шагом»  атты аудандық семинар  өткізілді.Семинардың  мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты дамыту және өзара тәжірибе алмасу. Аудандық семинарға  39 мектептің 42 орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен бірлестік жетекшілері қатысты.   Мектептің білім алушыларымен орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері  Заманбекова Г.К, Нуптибекова Р.А, Рахимбекова А.К, Бимолдина Г.С  ашық сабақ өткізді.  Сабақтар жоғары деңгейде өтілді. Оқушылар орыс тілін жетік меңгергендерін көрсетсе, мұғалімдер жоғары біліктіліктерін көрсетіп және жаңартылған технология бойынша тәжірибелерін көрсете білді.Преподавателиге кері байланыс берілді.  Семинар жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.  Пән мұғалімдері аудандық марапатқа лайық деп ұсынылды.Семинар  барысында    мына  төмендегі  сыныптармен   ашық  сабақтар   өткізілді:

1.  Заманбекова Г.К.  8 «Б»   сыныбымен      «Труд и творчество»  тақырыбында сабақ өтті.  Сабақта  мұғалім   интербелсенді  тақтаны  пайдалана   отырып,  оқушылардың  өз   бетімен  жұмыс  істеуіне   байланысты,  әртүрлі  деңгейлік   тапсырмалар  беру  арқылы оқушылардың  шығармашылық   қабілетін  дамыта білді. 

2. Нуптибекова Р.А. 10 «Б» сыныбымен «Научные открытия XXI века» тақырыбында аудандық семинарда ашық сабақ өткізіп,    оқушыларды топқа  бөле отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындата алды. Сабақта   оқушылар  өз бетінше     жұмыс   жасауға  үйренгендерін     көрсетіп,   сабақ  өз   деңгейінде   өтілді.

3.  Рахимбекова А.К.  3 «Б»    сыныбында  «День и ночь-сутки прочь»   тақырыбында    ашық сабақ өтті.  Сабақта топтық  жұмыс   бойынша  оқытудағы  жаңа   әдіс-тәсілдерді     қолдана  отырып, оқушылардың  шығармашылық   қабілетін  дамытуға  байланысты   тапсырмалар  беру  арқылы    оқушылардың  сабаққа   белсенді   араласуына  жағдай  туғызды.   Нәтижесінде  оқушылардың  топта   жұмыс  істей  алу   дағдылары  қалыптасқандығын  көрсете   білді.

6.Бимолдина Г.С.  7 «Д»  сыныбында   Л.Н. Толстой «Кавказский пленник» тақырыбында    сабақ өтті. Сабақта  оқушыларға   топпен  бірлесіп,  әртүрлі   деңгейлік, тестік тапсырмаларды   орындату  арқылы  олардың   алған  білімдерін  пысықтай   білді.

Преподавателиге кері байланыс берілді.   Семинарға 42 орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысты. Пән мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары аудандық марапатқа лайық деп ұсынылды.


Шығармашылық  топпен жұмыс бойынша - физика пәнінің мұғалімі   Б.Қ.Садвакасова  «Сабақты  зерттеуді   қалай өткізуге болады?»  тақырыпта коуч сессия өткізілді.Мақсаты: Сабақты зерттеу туралы  мәліметтермен бөлісу. Оқу нәтижесі:  «ӘРЕКЕТ ТҮБІ- БЕРЕКЕТ». Сессия бойынша коуч әріптестердің   іс-әрекеті: Коучингке қатысушы әріптестермен ынтымақтастық атмосферасын құрды. Ахмет Байтұрсынұлының «Аққу,  шортан, hәм шаян»  бейнебаянынан үзінді көрсетіледі. Бейнебаянды  көрсету мақсаты   әріптестерден сұралды . «Әрекет дұрыс болу үшін-біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін  анықтап алуға   тиіспіз»- деп   Әл Фараби  айтқандай    сабақты зерттеуді  өткізудегі бірнеше кедергілер анықталатыны,енді осы кедергілерді жою жолдарына әрекет жасау қадамдарын  анықтауымыз керек екеніне тоқталды. Осыған байланыстытапсырма №1 Lesson Study  туралы    сізді мазалаған сұрақтар.......?????? әр топ  білгісі келген сұрақтарын padlet.com тақтасына  жазды, сабақтың тақырыбы жазылған қара жәшікке салды.    ТАПСЫРА №2      Тұжырымды  жауап.Ізденістер .Топтарға сабақты зерттеу бойынша ресурстар таратылады . Коуч әр қорғалған  тапсырмаға   кері  байланыс беріп отырады. Тамаша! жарайсыздар ! сіздер тамаша пікір айттыңыздар ! топта қорғау жұмыстары басталады  постермен  слайдпен    флипчартпен қорғады .Топтар жұмыстарын   2-10 балға дейін бағалап отырды, сабақты зертеу тобында жұмыс жасаған әріптестер өз топтарының жасаған жұмыстарында жеткен жетістіктері мен орын алған  кемшіліктерімен бөлісті. «Тәжірибеңмен бөліс»  А   В  С деңгейдегі үш оқушы арқылы қалған сол топқа біріктіруге болатын оқушылар туралы да айтуға болатыны  алдын ала дайындалған болжамды  жауаптар   сабақ  кезеңінде оның қаншалықты  орындалғанын оқудың мақсаты  басты назарда болу керектігі ескертілді. Айгул,Бақыт, Гулсім Замира,  Асел,  Майгул ,Лунара  апайлар сабақты зерттеуде жасаған жұмыстарымен өзге де әріптестермен   ой  бөлісті.


Педагог қызметкерлердің  кәсіби   біліктілігін көтеру-  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: – Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да құзыреттердің оңтайлы ара қатынасын қамтитын болады, – деп нақты айтылған. Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеруі болып табылады. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны болып табылады. Мектепте  103 мұғалім жұмыс істейді. 2022 оқу жылында 18 мұғалім пән бойынша кәсіби білімдерін жетілдіру курстарына   пән бойынша оқып білімдерін жетілдіріп отырды.  Омирбекова Кулчари Калинуровна «Жаhандық құзіреттіліктер» курсы білім алушылардың ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде.» жахандық құзіреттілік пәні бойынша 80 сағаттық курс ,ағылшын тілі пәні мұғалімі  Адилгазиева Ақмарал Бекежановна « 5-9  сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттерін жетілдіру» 80 сағаттық курс, бастауыш сынып мұғалімдері Аубакирова Сандуғаш  Хайролдаевна, Темирбаева Айбала Нүсіпханқызы «Бастауыш мектептегі сабақ; басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»  педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту функционалдық сауаттылықты қалыптастыру ,сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру,оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 80 сағаттық курс, Сайлыбаева Самал Мухаметжановна бастауыш сынып мұғалімі «Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныптарда білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері» 80 сағаттық курс,   математика пәнінің мұғалімі Ахмет Ақжол «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» , математика пәнінің мұғалімі Джамалова  Асель Акангалиевна «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  «Математика»пәнін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» 80 сағаттық курс, бастауыш сынып мұғалімдері Бөгенбаева Қымбат Тұрарбекқызы, Умербаева Назгүл Нурдаулетқызы,  Амирханова Ақерке Мухтархановна «Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныптарда білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері» 80 сағаттық курс,  орыс тілен әдебиеті пәні мұғалімі Аулеова Неллия Турганбековна«Развитие предметных компетенций учителей руского языка и литературы в освоении сложных тем в 5-9 классах» 80 сағаттық курс, информатика пәні мұғалімдері Есельбаева Молдир   Ермухамбетқызы, Келемсейтова Молдир Айдарқызы  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін арттыру» 80 сағаттық курс, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Джаубаева Улмекен Базарханқызы, Қожалимова Айгул Қанатқызы «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті»  пәнінің оқу-әдістемелік кешені» 80 сағаттық курс, физика пәнінің мұғалімі Нургалиева Замира Нурахынқызы «Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» 80 сағаттық курс оқып нәтежиесінде -білім жетілдіру курстарын мектептегі практикалық әрекеттер мен зерттеу саласының арасындағы алтын көпір деуге де болады. Білім беру ісі үнемі ізденістермен дамиды. Қандай қоғамдық-экономикалық формация болмасын оның өзіндік талабы, талғамы болады. Ал білім беру саласы сол талап пен қажеттіліктерге сай ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісін жүзеге асыратыны анық

Педагог кадрларды аттестаттау бойынша жұмыс -2022 оқу жылына қараша, желтоқсан айларында аттестациядан тесттен өтуге  11   мұғалім өтініш берді, бірақ тест болмады.

Р/С

Преподавателидің аты-жөні

Пәні

Қай санатқа өтеді

1

Нартбаев Т

Денешынықтыру

Педагог – зерттеуші

2

Рахимбекова А.Қ

Орыс тілі мен әдебиеті

Педагог – сарапшы

3

Сабанбаев Д.Т

Технология

Педагог модератор

4

Жакипов С

Ағылшын тілі

Педагог модератор

5

Жексенбиева Қ.С

Тарих

Педагог -модертатор

6

Башынтаева Ш.Т

Қазақ тілі мен әдебиеті

Педагог     - модератор

7

Нұрымов А.Қ

Технология

Педагог- модератор

8

Аубакирова С.Х

Мектепалды даярлық тобы

Педагог- модератор

9

Акимбекова Қ

Логопед

Педагог-модератор

10

Жабықбай Ү

Ағылшын тілі 

Педагог-модератор

11

Бимолдина Г

Орыс тілі менәдебиеті

Педагог-модератор



Онкүндіктер өткізу- 14-24 ші қараша  аралығында    орыс тілі мен әдебиеті пәні     бойынша  онкүндік  өткізілді. Сонымен қатар 16.11.2022ж. аудандық семинар өткізілді.  Аудандық семинар мен онкүндіктің өткізілетін   іс-шаралар    жоспары  жасалынып,   мектеп  директорының  бұйрығымен   бекітілді.  Бірлестік  жетекшісі   Рахимбекова А.К. онкүндіктің   ашылу  салтанатында  14-24 аралығында   өтілетін   іс-шаралармен  және  олардың   мақсат-міндеттерімен   таныстырып  өтті. Пән  мұғалімдері   жоспарға  сай  бірнеше   ашық сабақтар  мен  сыныптан   тыс  жұмыстар  өткізіп   өзара  іс-тәжірибелерімен  алмасты.   Барлық  мектеп  ұжымына,   оқушылар   мен  мұғалімдер   назарына  апталыққа  байланысты   «Русский язык шаг за шагом»   атты  бұрыш  жасалды.   Бұл  бұрышта  орыс тілі мен әдебиеті пәніне  байланысты    «Волшебный мир С.Я.Маршака»,   «Полет фантазии»,  «Двенадцать месяцев» атты  газеттер  мен   стенділер  және  әртүрлі   сөзжұмбақтар,  ребустар, қанатты сөздер мен  викториналық   сұрақтар    ілінді. Әр пән мұғалімінің өткізілетін ашық сабақ тақырыптары көрсетіліп тұрды. Үзіліс  кездерінде  оқушылар     түрлі  викториналық  сұрақтар   мен  қызықты  жұмбақтар   шешті  және ойындар ойнатылып  оқушылар марапатқа ие болды. Онкүндік  барысында    мына  төмендегі  сыныптармен   ашық  сабақтар  мен   сыныптан  тыс  жұмыстар   ұйымдастырылды. 

1.Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ауелова Н.Т.  6 «В» сыныбымен «Любимое время года»  тақырыбында сабақ өтті.  Сабақта    топтық  жұмыс  бойынша   оқытудағы  жаңа  әдіс-тәсілдерді пайдалана білді. 

2.  Зиятдинова Р.Р.  5 «А»   сыныбында   «Много у меня друзей» тақырыбында  жаңа   әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып ашық   сабақ  өткізді.    

 3.  Заманбекова Г.К.  8 «Б»   сыныбымен   аудандық семинарда   «Труд и творчество»  тақырыбында сабақ өтті.  Сабақта   мұғалім  интербелсенді  тақтаны   пайдалана  отырып,  оқушылардың   өз  бетімен  жұмыс   істеуіне  байланысты,  әртүрлі   деңгейлік  тапсырмалар  беру   арқылы оқушылардың   шығармашылық  қабілетін  дамыта білді. 

4. Нуптибекова Р.А. 10 «Б» сыныбымен «Научные открытия XXI века» тақырыбында аудандық семинарда ашық сабақ өткізіп,   оқушыларды топқа  бөле отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындата алды. Сабақта   оқушылар  өз бетінше     жұмыс   жасауға  үйренгендерін     көрсетіп,   сабақ  өз   деңгейінде   өтілді.

5.  Рахимбекова А.К.  3 «Б»   сыныбында   «День и ночь-сутки прочь»    тақырыбында   аудандық семинарда ашық сабақ өтті.  Сабақта топтық  жұмыс   бойынша  оқытудағы  жаңа   әдіс-тәсілдерді     қолдана  отырып, оқушылардың  шығармашылық   қабілетін  дамытуға  байланысты   тапсырмалар  беру  арқылы    оқушылардың  сабаққа   белсенді   араласуына  жағдай  туғызды.   Нәтижесінде  оқушылардың  топта   жұмыс  істей  алу   дағдылары  қалыптасқандығын  көрсете   білді.

6.Бимолдина Г.С.  7 «Д»   сыныбында  Л.Н. Толстой «Кавказский пленник» тақырыбында   аудандық семинарда сабақ өтті. Сабақта  оқушыларға  топпен   бірлесіп,  әртүрлі  деңгейлік, тестік тапсырмаларды  орындату   арқылы  олардың  алған   білімдерін  пысықтай  білді.

7. Әділ Ә.М. 8 «Г»  сыныбында   «Труд человека кормит»   тақырыбында  сабақ  өткізді.   Жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолдана   отырып,  оқушылардың  шығармашылық   қабілетін  дамыту  мақсатында   ашық  сабақ    өтті. Оқушылардың  пәнге   деген  қызығушылықтарын арттыра  білді.

Орыс тілі мен әдебиеті  пән бірлестігінің онкүндігі «Земля - наш общий дом»  атты қорытынды кешпен аяқталды. Қорытынды кеште оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары артып, Табиғат – Анаға сүйіспеншілікпен қарауға, жақсылық жасай білуге, ойлау қабілеттерін дамытуға, орыс тілінде өз ойларын еркін жеткізе алатындығын көрсете білді. Осы онкүндікте өткізілген әрбір іс - шаралармен ашық сабақтар қазіргі заман талабына сай , жаңа оқыту технологияларын қолдана отырып өткізілді. Онкүндікте белсене қатысқан оқушылармен сыныптар қорытынды кеште марапатталды. Қорыта келе «Русский язык шаг за шагом» онкүндігін өткізуде барлық жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өз мәнінде өткізілді. 


Пәндік олимпиадалар, байқаулар, сайыстар, ғылыми-практикалық конференциялар- 2022-2023 оқу жылында  «Менің жүрегімнің мектебі» аудандық байқауына Құрманбек Мирас Қанатаұлы өзінің бейне-ролигін ауданға жолдады. Жолданған бейне-ролик мектептің инстаграм парақшасында жарияланды. https://www.instagram.com/tv/Ciwb9V8o1uo/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Сонымен қатар ұстаздар күнінің қарсаңында оқушылар арасында ұстаздарын құрметтеу, сыйластық таныту мақсатында, мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында «Ұстазыңды құттықта» мектепішілік бейне-ролик байқауы ұйымдастырылды. Байқауға он сынып өз құттықтауларын жолдады, мектеп оқушылары мен ата-аналарының дауыс беруі арқылы бағаланып   мұғалімдер күні қарсаңында марапатталды Бейне-ролликтер  мектептің инстаграм парақшасындажарияланды.https://www.instagram.com/reel/CjVKJS5ODao/?igshid=YmMyMTA2M2Y= Жас мамандардың табысты кәсіби бейімделуіне әдістемелік жағдай жасау мақсатында Жетісу облысының  «Жігер» жас мамандар ассоциасиясының  ашық алаңына  мектебіміздің жас маманы М.Қ.Құрманбек қатысып өзіндік пікірлерімен кәсіби көзқарасын білдіріп облыстық «Жігер»  жас мамандардың ассоциациясына мүше болып қабылданды.Информация мектептің инстаграм парақшасында жарияланды. https://www.instagram.com/p/Cj409Q4sgZw/?igshid=YmMyMTA2M2Y=Жас педегог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін   және өзін-өзі  дамыту үшін жағдай  жасау жасау мақсатында Панфилов аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтен «Дарынды балаға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпидасына мектебіміздің жас маманды Ахмет Ақжол қатысып нәтижелі 1-орынды иеленді. Нәтижесі жарияланды.

https://www.instagram.com/p/Cj41_fisHXt/?igshid=YmMyMTA2M2Y=Зерделі ақыл-ой  дамыту мектебінің ұйымдастыруымен мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасының іріктеу кезеңі болды. Жалпы мектеп бойынша 30-оқушы өтініш беріп,оқушылар нұсқаулық бойынша жұмыстарын орындады. Нәтижесінде   аудандық кезеңге үш оқушы таңдап алынды. https://www.instagram.com/p/CkLpweAKiHA/?igshid=YmMyMTA2M2Y=


SWOT талдау


Мықты жағы 

1Деңгейлік бағдарламаны оқыған мұғалімдер саны 15; 

Жаңартылған оқыған мұғалімдер 90 ; 

Жоғары білімді   мұғалім,         педагог-шебер-1 

жоғары  санатты : 1 мұғалім;    педагог –зерттеуші- 11 

бірінші  санатта :  2 мұғалім;      педагог -сарапшы -19 

екінші  санатта :   4 мұғалім;    педагог- модератор-32 жалпы санат -32

2.Мектепте- 2 психолог,  әлеуметтік педагог-1, логопед-1, дефектолог-1, педагог ұйымдастырушы-1 берілген.


3.Ұстаздар мен оқушыларымыз конкурстарға,олимпиадаларға,ғылыми жобалар жарысына ,облыс, республика көлемінде қатысты.

4.Аудандық  семинарлар ұйымдастырылды.

5.Шығармашылық топтармен жұмыс жүргізілді.

6.Жетекші мектептердің бірі; 

7. Жас мамандармен жұмыс жолға қойылған. Әдістемелік күн белгіленіп ,тәжірибелі ұстаздар арқылы қолдау көрсетілді.

8.L.S бойынша 8 зерттеу тобы құрылды.


Әлсіз жағы 

1Педагог санаттағы әліде   маманның     ішінде  ұстаздарды тестке барып өте алмағандығы

2.Ұстаздар мен оқушыларымыз конкурстарға,олимпиадаларға,ғылыми жобалар жарысына қатысып ,облыс, республика көлемінде нәтижеге бағыттамауы. 

3.Іс әрекетті зерттеу,сабақты зерттеу     жұмысына тек мектеп тренерлерінің ғана жұмыс істеуі; 


Мүмкіндіктері 

1.Педагог  санаттағы жас мамандардың білімін,методикасын жетілдіре отырып тестен өте алады. 

2. қажеттілігін анықтай отырып курсқа жіберу

3.Ұстаздар мен оқушыларымыз конкурстарға,олимпиадаларға,ғылыми жобалар жарысына қатысып ,облыс, республика көлемінде нәтижеге жұмыс жасай алады 

4 .Шығармашылық топтың жұмысын жандандыру; 

5.Жас мамандар түрлі коучинг ,семинар ,байқауларға қатысып ,тәлімгерлер  арқылы     шыңдалу,нәтижелі болу. 

6.Семинарлар ,онкүндікте  өткен  ашық сабақтар арқылы ,кері байланыс ала  отырып ,кемшіліктерді жоя алады.


Қауіп- қатері


1.Шығармашылық  топ мүшелерінің  өз міндеттеріне салғырттық танытуы

2.Білім сапасын арттыру 

3Сандық сауаттылықты сапасын арттыру

4.« Білімді ұлт»,сапалы білім беру» Ұлттық  жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық  және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету

5.Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

6.Білім алушылардың білімін толықтыру