Темпераментті анықтау тесті » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
декабрь
2022

Темпераментті анықтау тесті


«Абай  атындағы орта мектеп»КММ

2022-2023


Мерзімі: 14.12.2022

Сыныбы : , 4б, 4в.

Сынып  жетекшілері : Тоқтабаева К, Бөгенбаева Қ, Белгібаева Қ.

Қатысқандар саны : 79 оқушы

Жүргізілген психологиялық жұмыстың   тақырыбы : Темпераментті анықтау тесті

Мақсаты : Оқушылардың темперамент типін анықтау 

                                                                   Анықтама


      14.12.2022 жылы 4 сынып оқушыларының темперамент типін анықтау мақсатында «темпераментті анықтау» тесті алынды.


Нұсқау: 

Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.
 1. а) Мазасыз, күйгелексіз.
 б) Көңілді, ақжарқынсыз.
 в) Сабырлы, байсалдысыз.
 г) Ұялшақ, қысылып - қымтырыласыз.
 2. а) Ұстамсыз, қызбасыз.
 б) Белсенді, істе ширақсыз.
 в) Ретті, нақтысыз.
 г) Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.
 3. а) Шыдамсыз.
 б) Бастаған беті аяқсыз қалдырасыз.
 в) Сақ, парасаттысыз.
 г) Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады.
 4. а) Қарым - қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.
 б) Өзіңізді асыра бағалайсыз.
 в) Шыдамсыз.
 г) Өз күшіңе сенбейсіз.
 5. а) Батыл, белсендісіз.
 б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.
 в) Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз.
 г) Жалғыздықты ұнатасыз.
 6. а) Бірбеткейсіз.
 б) Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.
 в) Аспай - саспай бір қалыпты сөйлейсіз.
 г) Сәтсіз жағдайларда ұнжырғаңыз түсіп, сасасыз.
 7. а) Дау - дамайда тапқырсыз.
 б) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз.
 в) Ұстамды, шыдамды.
 г) Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз


Нұсқа реакциялар

Бақылау жоспарының пунктері

1

2

3

4

5

6

7

А








Б








В








Г









Г. Айзенк анықтамасына орай,  холериктер – сезімтал, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста я сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист, белсенді, сенгіш, ашуланшақ.

Сангвиник – ашық, көпшіл, сөзшең,қайырымды,қысылып-қымтырылмаытын, өмір сүйгіш, уайымсыз, көтерінкі көңілді, басшылыққа бейім.

Флегматик– сақ,енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш,

ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты.

Меланхолик – беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист,

тұйық,  ұстамды, көп сөзі жоқ.


Қорытынды: 


4а холерик-6; флегматик-11;  меланхолик -7; сангвиник -2

4б холерик-5; флегматик -13; меланхолик -3; сангвиник -4

4в холерик-8; флегматик -14; меланхолик -2; сангвиник -1


 




                    Мектеп психологы:                   М. С. Кожабергенова