Жаңа жыл мерекесіне орай өткізілген іс-шаралардың анықта » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Жаңа жыл мерекесіне орай өткізілген іс-шаралардың анықта
23
January
2023

Жаңа жыл мерекесіне орай өткізілген іс-шаралардың анықта

«Абай атындағы  орта мектеп» Education Department of Kerbulak district 

Жаңа жыл мерекесіне орай өткізілген 

іс-шаралардың анықтамасы

2022-2023 оқу жылы


         23.12.2022ж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С. Кудербаев   Жаңа жыл мерекесіне орай өткізілетін    іс-шаралар жоспарын жасап, бекітті. Жастар ұйымының қолдауымен  мектеп ғимаратын мерекелік безендіру шаралары ұйымдастырылып, мерекелік шырша орнатылды . Аудандық бұйрық негізінде 27.12.2022-29.12.2022  күндері МАД,  1-11 сынып аралығында сынып сағаттары өтті. 28.12.2022 МАД және 1 сыныптар  «Кел, Жаңа жыл!»  тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 2,3 сыныптар «Қош келдің, Жаңа жыл!», 4 сыныптар « Кел, Жаңа жыл, ортаға!», 5-6 сыныптар «Шырша біздің ортада», 7-8 сыныптар « төрлет-төрлет, Жаңа жыл!», 

9-10 сыныптар« Жаңа жыл- жаңа қадам, жаңа бағыт», 11 сыныптар « Төрлет, құтты Жаңа жыл!» тақырыптарында сынып сағаттарын өтті. 7-9 сыныптар арасында қабырға газеттері шығарылып, ілінді. Мектеп есебінен 10 мерекелік тәттілер жиынтығы көпбалалы отбасыларға таратылды. Ерекше білім алуды қажет ететін оқушылардың үйлерін  мектеп психологтары мен «Жастар ұйымы» мүшелері аралап, сыйлықтарын тарту етті. Аудан әкімі шыршасына 3 оқушы шақырту алып, шыршаға қатысты.  1-4 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымымен «Жаңа жылдық құттықтау» челленджі мектеп ішінде өткізілді. 30.12.2022-03.01.2023  күндері аралығында рейдтік жұмыстар атқарылды, мереке күндері мектепшілік кезекшілік ұйымдастырылды. 



Анықтама    жазған  директордың тәрбие ісі                               Ә.М. Әділ

жөніндегі  орынбасары