Жалпы ата – аналар жиналысы. Хаттама № 1 » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Жалпы ата – аналар жиналысы. Хаттама № 1
09
September
2022

Жалпы ата – аналар жиналысы. Хаттама № 1

«Абай атындағы орта мектеп» КММ

 Жалпы ата – аналар жиналысы. 

Хаттама № 1


09.09.2022 ж                                                                                  Көктал ауылы

Қатысқандар:  

Мектеп әкімшілігі: 10

Ата – аналар: 226 

Сынып жетекшілер: 41


Күн тәртібінде:


1. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы.

                                                                    Мектеп директоры У.Б.Джакубаева.

2. Мектепте ұялы телефон ұстамау туралы бұйрықпен таныстыру.

3. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары.

                                                                   ДТІЖО Д.Т.Сабанбаев.

4. Құқық бұзушылықтың алдын – алу жолдары.

  Мектеп инспекторы: Е.К.Козбеков

5. Оқушылардың әлеуметтік жағдайы бойынша 64 – қаулымен таныстыру.    

Әлеуметтік педагог: Н.Б.Болекбаева

6. Реттегі істер.       



Тыңдалды:

     Күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп басшысы У.Б.Джакубаева таныстырып өтті. Бірінші мәселе бойынша мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы мектеп басшысы ата – аналарға қысқаша мектеп жасалған жөндеу жұмыстары, оқулықтар туралы, қосымша сабақтарға кесте құрылып өткізілетіндігі туралы ата-аналарға таныстырып кетті.

    Мектепте ұялы телефон ұстамау туралы бұйрық шығарып, мектеп басшысы бұйрықпен ата-аналарда таныстырып оқушыларға мектеп қабырғасында сMarchфон ұстауға болMayтындығы туралы айтты. Ата-аналардың 70% -пайызы қолдау білдіріп, 15 ата-ана үйлерінің алыстығына байланысты, балаларымен хабарласып тұруға телефон ұстауға қарыс еместіктеріктері туралы пікірлерін білдіріді.

    Үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сабанбаев Дәурен Тоқтасынұлы діни экстремизм терроризмнің алдын – алу мақсатында ата – аналарға қазіргі таңдағы ақпараттық желі белең алып тұрғанда балаларымыздың басқа ағымдарға әр түрлі ұйымдарға, топтарға адасып қалмауына күнделікті қадағалау жасап отыру, балалармен еркін сөйлесу, олармен санасу арқылы балалардың кауіпсздігін қамтамасыз ету.

   Төртінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Қозыбеков Еділ Құрманғалиұлы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп 132, 133, 442, 440 баптары бойынша тоқталып өтті. Кешкі сағат 23.00 ден кейін ата-аналарынсыз көшеде жүруге болMayтыны туралы айтып, күнделікті рейд жұмыстары жүргізіліп отыратынын ескертті. Оқушылар арасында көлік, мопет жүргізуге тыйым салынатыны, егер көлік мопет тізгінінде ұсталған оқушылар болса, ата-аналарына айып пұл салынатынын ескертті. Оқушылар арасында белең алып жатқан үлкен мәселе әлімжеттік пен электронды темекі туралы ата-аналарға қатаң ескерту жасалынды.

    Мектептің әлеуметтік жағдайымен таныстырып, ата-аналарға толық мағлұмат беріп кетті. Schoolchildren жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры есебінен беріліп жатқан көмектерге тоқталып, мектеп асханасының жалпы жағдайымен таныстырып, тегін ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылар туралы мәлімет беріп, 1 және 5 сыныптар арасында 74 оқушы тегін тамақтанатыны туралы тоқталып кетті. 64-ші  қаулы бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты 5 категория бойынша қандай отбасы балалары көмек ала алатындығы туралы ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізді.


Сөйлеушілер:

    Ата – аналар комитетінің төрағасы Джумабаева Жанат Жеңісқызы жаңа оқу жылына мектептің дайындығы туралы мектеп басшысының берген есебіне және қойылған күн тәртібіндегі мәселелер орынды, оқушылар арасында мектепте ұялы телефон ұстамау мәселесін ата – аналар болып, қолдайтындығын айтып әр мәселеге жекелей тоқталып өтті.

   11 «А» сынып ата - анасы Бағила Бердібекқызы діни экстремизм және басқа да сайттардың белең алып тұрғандығы бәрімізге мәлім. Әр ата - ана күнделікті өз баласын қадағалап, ұялы телефонын, кеш мезгілінде балаларын көшеге түрлі ойын – сауық орындарына жібермей, қадағалау жасаса дұрыс болар еді.

    Board of Trustees төрағасы Оразақын Айтмолдаұлы қазіргі таңда мемлекеттен бөлінген әр түрлі әлеуметтік көмек берілуін және ол көмектер кімдерге берілетіндігі жөнінде әлеуметтік педагог Назира Бердіқазықызы толық мәлімет беріп өтті.

   10 «Б» сынып ата - анасы Ерепбаева Алтынай мектеп инспекторының құқық бұзушылықтың алдын – алу жолдары туралы және ондағы заң баптарына толық тоқталды. Осы жағдайдың алдын – алуға ата – аналар тарапынан ықпал жасап, қолдау көрсетейік. 

Шешім:

1. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы мектеп басшысының берген есеб назарға алынсын.

2. Мектепте ұялы телефон ұстамау туралы бұйрық назарға алынып, қадағалау сынып жетекшілермен  педагог ұйымдастырушы және ата – аналарға жүктелінсін.

3. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын – алу жолдары туралы хабарлама қанағаттанарлық деп танылсын.

4. Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмыстары жандандырылсын.

5. Әлеуметтік жағдай бойынша 64 қаулыны назарға ала отырып, әлеуметтік көмектер ұйымдастырылысын.


Жиналыс төрағасы:                У.Б.Джакубаева

                    Хатшы:                 Н.Б.Болекбаева