Ата – аналар комитеттерінің жиналысы. » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Ата – аналар комитеттерінің жиналысы.
28
October
2022

Ата – аналар комитеттерінің жиналысы.

«Абай атындағы орта мектеп» КММ

Ата – аналар комитеттерінің жиналысы. 

Хаттама № 1


28.09.2022 ж                                                                                  Көктал ауылы


Қатысқандар:  

Мектеп әкімшілігі: 10

Ата – аналар комитеттері: 58 



Күн тәртібінде:


1. Ата – аналармен бірлескен жұмыс. 

                 (ашық есік күндерін ұйымдастыру)

2. Ата – аналармен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастыру.

3. «Отбасы – орта мектеп» жобасын туралы түсінік беру.

Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп басшысы У.Б.Джакубаева таныстырып өтті. Ата – аналар мектеппен тығыз байланыста болып, мектепте болып жатқан іс – шараларға балаларымен бірге қатысып отыру керектігін айтып. Ата – аналар күнделікті балаларының сабақтан себепсіз қалмауына, балаларының бос уақытын қалай өткізеді, қандай үйірмелерге қатысады, 

Ашық есік күнін ұйымдастырып бір күн ата – аналар оқушылардың сабақтарына қатысып.

     Екінші мәселе бойынша басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сабанбаев Даурен Тоқтасынұлы  9 – 11 сынып ата – аналарымен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастыру керектігін айтып, кешкі сағат 23.00 ден кейін ата-аналарынсыз көшеде жүруге болMayтыны туралы айтып, күнделікті рейд жұмыстары жүргізіліп отыратынын ескертті. Оқушылар арасында көлік, мопет жүргізуге тыйым салынатыны, егер көлік мопет тізгінінде ұсталған оқушылар болса, ата-аналарына айып пұл салынатынын ескертті. Оқушылар арасында белең алып жатқан үлкен мәселе әлімжеттік пен электронды темекі туралы ата-аналарға қатаң ескерту жасалынды.

   Үшінші мәселе бойынша «Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында педагогтер мен ата – аналар үшін ұлттық құндылықтарды ескере отырып, жастарды тәрбиелеу әдістемелері қосымша әзірленуде. Сонымен қатар отбасылық және ұлттық тәрбиенің құндылықтары балалардың бос уақытын, мәдени – бұқаралық іс – шараларды, жарыстарды, сынып сағаттарын, ата – аналар жиналыстарын, үйірме жұмыстарын және тағы басқаларын ұйымдасыру аясында іске асырылады» деп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даурен Тоқтасынұлы түсінік беріп кетті.

Сөйлеушілер

4 «А» сынып ата – ана комитеті Молдағазиева Гульфия ашық есік күнін ұйымдасытрғандығын қолдаймыз, мектепке келіп балаларымыздың сабақтарына қатысып білім сапаларын, тәртіптерін қадағалап тұру біздің ата – ана ретіндегі міндетіміз. 

     9 «А» сынып ата – ана комитеті Алибекова Алия Нұрланқызы ата – аналармен бірлескен рейд шараларына бірге шығуға қолдау көрсетеміз, сыныптағы басқа да ата – аналарды ұйымдастырамыз. Әр ата - ана күнделікті өз баласын қадағалап, ұялы телефонын, кеш мезгілінде балаларын көшеге түрлі ойын – сауық орындарына жібермей, қадағалау жасаса дұрыс болар еді.

     6 «Д» сынып ата – ана комитеті Айтбаева Гүлзира 


Шешім:

  1. Ата – аналармен бірлескен жұмыс
  2. Ата – аналармен бірлескен рейдтік шараларды ұйымдастыру сынып жетекшілермен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даурен Тоқтасынұлына жүктелсін
  3. «Отбасы – орта мектеп» жоба жұмысы жандандырылсын.   



Жиналыс төрағасы:                У.Б.Джакубаева

                    Хатшы:                 Н.Б.Болекбаева