«Русский язык шаг за шагом» атты аудандық семинар » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Русский язык шаг за шагом» атты аудандық семинар
18
ноябрь
2022

«Русский язык шаг за шагом» атты аудандық семинар

«Абай  атындағы   орта  мектеп» КММ

2022-2023 оқу  жылы


Қараша   айының   16 күні    орыс тілі мен әдебиеті пән  бірлестігінің   «Русский язык шаг за шагом»  атты аудандық семинар  өткізілуі   туралы

Анықтама

2022 жылдың 16   қараша күні "Абай атындағы   орта мектеп" КММ сында  орыс тілі мен әдебиеті пән  мұғалімдері  арасында  аудандық  семинар   өтті.  Іс-шара мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті пәнінде функционалдық сауаттылықты дамыту және өзара тәжірибе алмасу.   Іс-шараға  39 мектептің 42 орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен бірлестік жетекшілері қатысты.    Мектептің білім алушыларымен  Заманбекова Г.К., Нуптибекова Р.А., Рахимбекова А.К., Бимолдина Г.С. сабақ жүргізді.  Сабақтар жоғары деңгейде өтілді. Оқушылар орыс тілін жетік меңгергендерін көрсетсе, мұғалімдер жоғары біліктіліктерін көрсетіп және жаңартылған технология бойынша тәжірибелерін көрсете білді.

Преподавателиге кері байланыс берілді.  Семинар жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.  Пән мұғалімдері аудандық марапатқа лайық деп ұсынылды.


Іс шара  барысында    мына  төмендегі  сыныптармен   ашық  сабақтар   өткізілді:

1.  Заманбекова Г.К.  8 «Б»   сыныбымен      «Труд и творчество»  тақырыбында сабақ өтті.  Сабақта   мұғалім  интербелсенді  тақтаны   пайдалана  отырып,  оқушылардың   өз  бетімен  жұмыс   істеуіне  байланысты,  әртүрлі   деңгейлік  тапсырмалар  беру   арқылы оқушылардың   шығармашылық  қабілетін  дамыта білді. 

2. Нуптибекова Р.А. 10 «Б» сыныбымен «Научные открытия XXI века» тақырыбында аудандық семинарда ашық сабақ өткізіп,   оқушыларды топқа  бөле отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындата алды. Сабақта  оқушылар  өз бетінше      жұмыс  жасауға  үйренгендерін     көрсетіп,   сабақ  өз   деңгейінде   өтілді.

3.  Рахимбекова А.К.  3 «Б»   сыныбында   «День и ночь-сутки прочь»   тақырыбында    ашық сабақ өтті.  Сабақта топтық  жұмыс   бойынша  оқытудағы  жаңа   әдіс-тәсілдерді     қолдана  отырып, оқушылардың  шығармашылық   қабілетін  дамытуға  байланысты   тапсырмалар  беру  арқылы    оқушылардың  сабаққа   белсенді   араласуына  жағдай  туғызды.   Нәтижесінде  оқушылардың  топта   жұмыс  істей  алу   дағдылары  қалыптасқандығын  көрсете   білді.

6.Бимолдина Г.С.  7 «Д»  сыныбында  Л.Н. Толстой «Кавказский пленник» тақырыбында    сабақ өтті. Сабақта  оқушыларға  топпен   бірлесіп,  әртүрлі  деңгейлік, тестік тапсырмаларды  орындату   арқылы  олардың  алған   білімдерін  пысықтай  білді.

Преподавателиге кері байланыс берілді.  Іс-шараға 42 орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысты.


Қорытынды:

«Русский язык шаг за шагом» онкүндігін өткізуде барлық жоспарланған ашық сабақтар  өз мәнінде өткізілді.