«Мектепке бейімделуін зерделеу» » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
05
сентябрь
2022

«Мектепке бейімделуін зерделеу»

«Абай атындағы орта мектеп»  КММ

2022-2023 оқу жылы

Мерзімі: 05.09.2022 ж                                        Сыныбы: 0 «А», 0 «Б», 0 «В».

Сынып жетекшілері: Аймақ М,  Аубакирова С, Баекеева Б.

Қатысқандар  саны:74                 Қатыспағандар саны-0

Жүргізілетін психологиялық жұмыстың тақырыбы: 

 «Мектепке бейімделуін зерделеу»

Мақсаты :  Мектептегі өмірге,  яғни оқуға психофизиологиялық және психо-педагогикалық дайындық дәрежесін анықтау.


                                                                 Анықтама

    05.09.2022  жылы  О «А», О «Б», О «В»   сыныптардың мектепке бейімделуі зерделенді. 

Төмендегі сұрақтарды қою арқылы оқушылардың дайындық деңгейі байқалды.

Психоәлеуметтік даму деңгейін бақылау. С.А.Банковтың тестік әңгімесі.

  1. Аты жөніңді, тегіңді (фамилияңды) айта қой.
  2. Әке шешеңнің аты - жөнін білесің бе?
  3. Сен ұлсыңба, әлде қызсыңба? Өскенде апай боласың ба, әлде ағай боласың ба?
  4. Сенің туған аға-інің, әпке-сіңлің (қарындасың) бар ма?
  5. Сенің жасың нешеде? Бір жылдан кейін нешеге келесің? Екі жылдан кейін ше?
  6. Қазір таңғы (күндізгі) уақыт па әлде кешкі уақыт па?
  7. Сен қайда тұрасың? Мекен жайыңды айта қойшы?
  8. Әкең, шешең кім болып істейді?
  9. Сен сурет салуды жақсы көресің бе? Мына (қарындаш, көйлек т.с.с) заттың түсін айта қойшы?
  10. Қазір жылдың қай мезгілі-қыс па, көктем бе, жаз ба, әлде күз бе?

Неге солай деп ойлайсың?

  1. Қол шананы қашан тебуге болады – қыста ма, әлде жазда ма?
  2. Қар неге қыста болады, жазда неге болмайды?
  3. Дәрігер, мұғалім, почтальон не істейді?
  4. Мектепте қоңырау, парта не үшін керек?
  5. Сен өзің мектепке келгің келе ме?
  6. Оң жақ көзіңді, сол жақ құлағыңды көрсетші?

Көз, құлақ не үшін керек?

  1. Қандай аңдарды білесің?
  2. Қандай құстарды білесің?
  3. Сиыр үлкен бе, ешкі үлкен бе? Қайсысы үлкен? Құс үлкен бе, ара үлкен бе?

Кімнің аяғы көп: иттің бе, әтештің бе?

20. Қайсысы үлкен: 8 саныма, әлде 5 пе, 7 ме әлде 3 пе?

3тен 6ға дейін санап берші. 9дан  2 ге дейінше.


Бағалау:

  1. Бір бөлімдегі әр сұраққа берген дұрыс жауап 1 балдан есептеледі (бақылау сұрақтарынан басқа).
  2. Бір бөлімдегі әр сұраққа толық емес, бірақта дұрыс жауап берілсе 0,5 баллдан беруге болады.

3. «Дұрыс» жауап деп, қойылған сұраққа байланысты берілген жауапты есептейміз: Әкем инженер болып істейді. Иттің аяғы әтештің аяғынан көп.

Бақылау сұрақтарына 5,7, 14, 21 жатады. Олар былай бағаланады:

5 – Егер бала неше жаста болатынын дұрыс таба алса – 1 балл, егер ол жылын айымен қоса атаса – 3 балл.

7 – толық мекен жайын қаласымен қосып айтса – 2 балл, толық емес жауап – 1 балл.

14 – мектептің әр құралының пайдалануын дұрыс атаса – 1 баллдан.

21 – дұрыс жауапқа 2 балл.

4. 15 – сұрақ 14, 16 мен қосылып есептеледі. Яғни, 14-де бала 3 балл алса, ал 15те оң жауап берсе, онда хаттамада оқуға деген оң түрткі белгіленеді (жалпы баллдардың жиынтығы 4тен кем болмауы керек).

Әңгімелесудің қорытынды бағасы:

Егер бала 23-28 балл жинаса, ол мектепке - пысып жетілген болып есептелінеді; орта пысқандар қатарына 19-23 баллдан жинағандар, психоәулеметтік даму деңгейі төмен болып 14-19 балл жинағандар есептеледі.

    Әңгіме қорытындысы   бойынша  мектепке бейімделе алмаған  оқушы   анықталмады. Барлық оқушылар психоәлеуметтік жақсы  дамыған.





                            Мектеп психологы             Маттанаева Ж.А



Психоәлеуметтік даму деңгейін бақылау.

С.А.Банковтың тестік әңгімесі.


  1. Аты жөніңді, тегіңді (фамилияңды) айта қой.
  2. Әке шешеңнің аты - жөнін білесің бе?
  3. Сен ұлсыңба, әлде қызсыңба? Өскенде апай боласың ба, әлде ағай боласың ба?
  4. Сенің туған аға-інің, әпке-сіңлің (қарындасың) бар ма?
  5. Сенің жасың нешеде? Бір жылдан кейін нешеге келесің? Екі жылдан кейін ше?
  6. Қазір таңғы (күндізгі) уақыт паәлде кешкі уақыт па?
  7. Сен қайда тұрасың? Мекен жайыңды айта қойшы?
  8. Әкең, шешең кім болып істейді?
  9. Сен сурет салуды жақсы көресің бе? Мына (қарындаш, көйлек т.с.с) заттың түсін айта қойшы?
  10. Қазір жылдың қай мезгілі-қыс па, көктем бе, жаз ба, әлде күз бе?

Неге солай деп ойлайсың?

  1. Қол шананы қашан тебуге болады – қыста ма, әлде жазда ма?
  2. Қар неге қыста болады, жазда неге болмайды?
  3. Дәрігер, мұғалім, почтальон не істейді?
  4. Мектепте қоңырау, парта не үшін керек?
  5. Сен өзің мектепке келгің келе ме?
  6. Оң жақ көзіңді, сол жақ құлағыңды көрсетші?

Көз, құлақ не үшін керек?

  1. Қандай аңдарды білесің?
  2. Қандай құстарды білесің?
  3. Сиыр үлкен бе, ешкі үлкен бе? Қайсысы үлкен? Құс үлкен бе, ара үлкен бе?  Кімнің аяғы көп: иттің бе, әтештің бе?

20. Қайсысы үлкен: 8 саныма, әлде 5 пе, 7 ме әлде 3 пе?

3тен 6ға дейін санап берші. 9дан  2 ге дейінше.