Жалпы ата – аналар жиналысы » Абай атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Жалпы ата – аналар жиналысы
25
January
2023

Жалпы ата – аналар жиналысы

«Абай атындағы орта мектеп» КММ

 Жалпы ата – аналар жиналысы. 

Хаттама № 2


25.01.2023 ж                                                                                  Көктал ауылы

Қатысқандар: 

Қамқоршылық   кеңес мүшелері: 5

Ата-аналар комитет мүшелері: 3

Мектеп әкімшілігі: 10

Ата – аналар: 233

Сынып жетекшілер: 41


Күн тәртібінде:

1.  І- жарты жылдық бойынша оқу-тәрбие ісінің қорытынды есебі.

                                                                    Мектеп директоры У.Б.Джакубаева.


 2.  «Тату отбасы,бақытты балалар- мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы»    

                                                                                                            Ашық   алаң


      3.   «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бой алдырмаудың шаралары»  

                                                              Мектеп психологтары  Маттанаева Ж.Ә,    

                                                                                                      Қожабергенова М.С

  1.  Реттегі  істер  

Тыңдалды:


      Күн тәртібіндегі мәселелермен мектеп басшысы У.Б.Джакубаева таныстырып өтті. Жалпы ата-аналар жиналысына Көктал ауылдық округінің әкімі 

 Қадырбаев Батырбек Рүстембайұлы, Көктал ауыл мешітінің имамы Жақып М.Т, қамқоршылық кеңес төрағасы Нусипов О.А пен қамқоршылық кеңесінің төраға орынбасары Нургали Ж.Н, мектепшілік ата-аналар комитетінің төрайымы Ғ.Р Зиятдинова, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Т. Солтақұлов, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы А.Р. Байымбетова, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Н. Рахатова келіп қатысты.  Мектеп басшысы ата – аналар мектеппен тығыз байланыста болып, мектепте болып жатқан іс – шараларға балаларымен бірге қатысып отыру керектігін айтып өтті. І жартыжылдық бойынша атқарылған іс-шаралармен, сыныптардың білім сапасымен таныстырып, сыныптар бойынша білім сапасының салыстырмалы мониторингісін презентация арқылы таныстырды. 

    Екінші мәселе бойынша мектеп басшысы У.Б. Джакубаева   әр  сыныптан  екі   ата-анадан қамтып, топтарға бөліп, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің шешімін табу жолында ашық алаң өткізілді. Ата-аналар өздеріне берілген  тапсырмаларға постер, кластер, сурет салу арқылы өз  ойларын еркін жеткізе білді. Мектеп әкімшілі тарапынан әр топқа   бағыт-бағдар беріп, өз үлестерін қосты. Атап айтсақ сегізінші топ мүшелері қазіргі таңда маңызды болып табылатын   « Суицидтің алдын алу жолдары»   тақырыбында ата-аналарға жақсы мағлұмат бере білді.  

        Үшінші мәселе бойынша  мектеп психологтары  Маттанаева Жұлдыз  Әділбайқызы бен  Қожабергенова   Махаббат  Серікқызы  ата-аналарға «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бой алдырмаудың шаралары»  бойынша  баяндама оқып, түсінік жұмыстарын жүргізді. 

       Төртінші мәселе бойынша  мектеп басшысы У.Б. Джакубаева оқушылардың сабақтан қалу рейтінгісімен таныстырып, сыныптар бойынша сабақтан себепсіз, ауырған, себепті қалған оқушылардың салыстырмалы мониторингісімен таныстырып, ата-аналарға балаларының сабақтан себепсіз қалдырмауын айтып, ескерту жасады. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептегі шахмат, шашки, домбыра, хор, оркестр, спорт үйірмелеріне балаларының қатысуын қадағалауын сынып жетекшілер мен ата-аналарға жүктеді. 

Сөйлеушілер  

        Көктал ауылдық округінің әкімі Қадырбаев Батырбек Рүстембайұлы 

Жаңа форматтағы өткізіліп жатқан ата-аналар жиналысына оң бағасын беріп, ата-аналар әрдайым   мектеппен тығыз байланыста болып, жаңа форматтағы жиналыстар жалғасын табуына ұсыныс білдіріп, мектеп басшысына ризашылығын айтып, мектеп ұжымына сәттілік тіледі. 

 Board of Trustees төрағасы Нусипов Оразақын Айтмолдаұлы   ата-аналар тар апынан мектеп ұжымына қолдау көрсетіп, мектеп өмірімен тығыз байланыста болайық деп ұсыныс жасады, жиналыстың маңыздылығы мен құндылығын атап өтті.

      Мектепшілік  ата – ана комитеті Галия Рашатқызы жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын ұйымдастырған мектеп басшысына алғысын білдіріп, ата – аналармен бірлескен рейд шараларына бірге шығуға қолдау көрсетеміз, сыныптағы басқа да ата – аналарды ұйымдастыруға. Әр ата - ана күнделікті өз баласын қадағалап, ұялы телефонын, кеш мезгілінде балаларын көшеге түрлі ойын – сауық орындарына жібермей, қадағалау жасауға шақырды.

Шешім:

  1. І жартыжылдықтың есебі назарға алынсын.  
  2.  Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын, ашық алаңдар ұйымдастыру тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына жүктелсін.


Жиналыс төрағасы:                У.Б.Джакубаева

                    Хатшы:                 Н.Б.Болекбаева