Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шаралардың анықтамасы
«Абай атындағы орта мектеп» отдела образования Кербулакского района
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген
іс-шаралардың анықтамасы
2022-2023 оқу жылы
09.12.2022ж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С. Кудербаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, бекітті. « Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпағына аманат» еске алу және танымдық-ағартушылық онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді, мектеп ғимаратын мерекелік безендіру шаралары ұйымдастырылды. Онкүндік барысында 09.12-15.12 аралығында сынып сағаттары, ашық тәрбие сағаттары өтілді. « Менің Отаным Қазақстан!» фото және бейнероликтер челленджіне «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері қатысып, бейнероликтер әлеуметтік желіге жүктелді. 13.12.2022ж Тарих пәнінің мұғалімі Джексембиева Қ.С ұйымдастырылуымен «Әділетті Қазақстан- жаңа Қазақстан үндеуі» тақырыбында 8 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. 13.12.2022 жылы 3 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Қалияс Ж. бастауымен « Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. 14.12.2022 7 сыныптар бірлесе отырып « Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында тәрбие сағатын өтсе, 15.12.2022 жылы сынып жетекшісі Әділ Ә.М жетекшілігімен 5 «В» сынып оқушылары « Желтоқсан- тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Онкүндік аясында МАД «В», 6 «В» және 5 «А» сыныптары бірыңғай «Тәуелсіздік- тұғырым!» атты сынып сағаттарын өтті. 15.12.2022 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жерлесіміз Ләззат Асанованы еске алу мақсатында мектеп атынан ескерткішіне гүл шоғы қойылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында 1 және 5 сынып оқушыларын «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымдарының қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өткізілді. «Абай атындағы орта мектеп» КММ кітапханасында « Егемендік елдігім- Тәуелсіздік теңдігім» атты Желтоқсан құрбандарына арналған көрме ұйымдастырылды.Тәуелсіздік күніне орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Темірбаев Қ.Н, 7 сынып оқушыларының құттықтау бейнероликтері әлеуметтік желіге жүктелді. Атқарылған іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттарының материалдары әлеуметтік желіге жүктелді. 19.12.2022ж « Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпағына аманат» еске алу және танымдық-ағартушылық онкүндігі лездемеде қорытындыланды.
Анықтама жазған директордың тәрбие ісі Ә.М. Әділ
жөніндегі орынбасары